Жамбыл облысы
-
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған екі кісінің жағдайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың біреуі Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. "Қызылорда-Петропавл" бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Оның Түркістан облысына оралған кезде індет жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.
02.04.2020
-
Сапарбаев: Көзбояушылықпен емес, нақты мәселемен айналысыңдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысы оқу орындарының жаңа бұл бағыттағы дайындық барысы талқыланды.
02.04.2020
-
Сапарбаев: қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс жұмыстарының дайындық барысымен танысып, егін шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
01.04.2020
-
Су тасқыны: Төтенше жағдайдың алдын алудың барлық жағдайы жасалды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағымен өтетін Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілу, сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар мен жаңбырдан су басу қаупі бар. Сондықтан да тасқынынға қарсы іс-шаралар жоспары аясында 142 километр дренаж және суару каналдары тазартылды.
30.03.2020
-
"Оңтүстік" әскерилерінің "қарулары" әлсіз емес
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Тараз қаласының көшелерін санитариялық залалсыздандырудың жаңа әдісімен тазартуды бастады. Енді олар қоғамдық орындарды хлор ерітіндісімен дезинфекциялап қана қоймай, жуып жүр.
30.03.2020
-
Коронавирус: Жамбыл облысында шектеу шаралары енгізіледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының аумағында 31 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары енгізілмек. Ең бірінші, өңірдің және Тараз қаласының аумағына автокөлік құралдарының барлық түріне кіруге және шығуға тыйым салынбақ.
30.03.2020
-
Жамбыл облысы қосалқы шаруашылықтарды дамытуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылдықтардың тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылының тұрғындары мал шаруашылығын, егін шаруашылығын және шағын бизнесті дамыту жолында екі пайыздық мөлшерлеме бойынша несие қол жеткізді.
30.03.2020
-
Жамбылдық жастар 10 мың маска таратты
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы еріктілер елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап, күн сайын барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
29.03.2020
-
Жамбылдық театрлар мен музейлер онлайн режимге көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының коронавирустың алдын алу шараларын күшейту бойынша жасаған мәлімдемесіне сай Жамбыл облысындағы мәдениет және өнер мекемелерінде қоғамдық мәдени іс-шаралар уақытша тоқтатылды.
28.03.2020
-
Жамбыл облысында 80 есірткі қылмысының жолы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың екі айында Жамбыл облысында есірткі қылмысы бойынша 80 дерек тіркелді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
27.03.2020
-
Коронавирус: Жамбылда тағы бір науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз 00:00 сағаттағы жағдай туралы хабарланды. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz
27.03.2020
-
Қордайдағы төбелес: қираған үйлер демеушілер есебінен қалпына келтіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақпан айында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға барысында қираған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.
26.03.2020
-
Коронавирус: Жамбылда қауіпті індетті жұқтырған азамат Қырғыз елінен келген
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді
25.03.2020
-
Коронавирус: Тағы екі облыстан індет жұқтырғандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады
24.03.2020
-
Коронавирус: науқаспен байланыста болған жамбылдықтардың талдаулары шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған Жамбыл облысының он тұрғынының талдауы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
23.03.2020
-
Жамбыл облысында төрт блок-бекет орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының кіре берістерінде коронавирусқа байланысты алдын алу шараларын күшейту мақсатында блок-бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу.
21.03.2020
-
Куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші масаң күйде ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
20.03.2020
-
Жамбылдық тергеушілер "бензин королінің" ісіне нүкте қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 1,5 млрд көлеміндегі ірі қаржыны жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
19.03.2020
-
Сапарбаев Тараздағы супермаркеттер мен дәріханаларды тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тексерді. Атап айтқанда, ол "Корзинка", "Firkan" және "Март Магнат" сауда желілерінің дүкендерінде болды.
16.03.2020
-
Сапарбаев азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жедел әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді.
14.03.2020