зауыт
-
Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салынады
Олжас Бектенов LanzaJet басшылығымен елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.11.2025
-
Қазақстан Clearbrook және AG-Tech компанияларымен зауыт салады
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Clearbrook Energy Solutions (CES) компаниясы және қазақстандық AG-Tech Қазақстанда энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2025
-
Қазақстанда SAF тұрақты авиациялық отын өндіретін зауыт салынады
Энергетика министрлігінде вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлант аймақтық бюросының директоры Николя Ралло мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.11.2025
-
Қазақстан вольфрамын АҚШ сатып алады: Сарапшы стратегиялық маңызын түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары барысында жасалған маңызды келісімдердің бірі – Қарағанды облысындағы вольфрам кенін игеру жобасы болғаны белгілі. Экономист, аналитик Ернар Серік ауқымды инвестиция жасалатын жобаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2025
-
Қазақстанда астықты терең өңдейтін бес жаңа зауыт салынады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифингте ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.11.2025
-
Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады
200 млн доллар инвестицияға ие халықаралық компания толық циклді инновациялық биофармацевтикалық хаб салмақ. Жобаны жаңа перспективалы Алатау қаласында жүзеге асыру жоспарлануда, оған жер телімі бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.11.2025
-
Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар салынады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» және «East Hope» компанияларымен бірлесіп, Астана мен Шымкентте қалдықтарды энергияға айналдырып өңдейтін зауыттар салу жөнінде инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.10.2025
-
Қазақстандық зауыттар қант қызылшасын қабылдауды бастады
Қызылша егетін өңірлердің зауыттары жаңа өнімнің қант қызылшасын қабылдауды бастады. Елімізде қант қызылшасын қабылдау және өңдеу науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні Жетісу мен Жамбыл облыстарында орналасқан кәсіпорындар 225 мың тоннадан астам қызылша қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.10.2025
-
Жамбыл облысындағы вагондардың рельстен шығуы: шетелдік зауыт 60 млн теңге өтемақы төлейді
Жамбыл облысында сот шетелдік зауытты жергілікті компанияның зақымданған жүк вагондары үшін 60 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.10.2025
-
Абай облысында қуаттылығы жоғары ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр
Абай облысының Жаңасемей ауданында жылына 11 400 тонна ет және ет өнімдерін өңдейтін заманауи ет комбинатының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Қазақстанда жылына 70 мың көлік шығаратын KIA зауыты іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Министрлік мәлімдемесі: Орынбор ГӨЗ-дегі апат Астананы газдандыруға әсер етті ме?
Еліміздің Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) таяуда болған апат Астанаға газ жеткізу жұмысына кері әсер ету ықтималдығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.10.2025
-
Теннесси штатында зауыттағы жарылыстан 16 адам көз жұмды
АҚШ-тың Теннесси штатындағы әскери жарылғыш заттар шығаратын кәсіпорында болған жарылыс салдарынан 16 адамның қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.
12.10.2025
-
АҚШ-та зауытта жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты
АҚШ-тың Теннесси штатындағы әскери жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты және із-түзсіз кеткендер бар. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2025
-
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қайтыс болды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына үлкен үлес қосқан, алайда 2024 жылы тағылған айыптан 2025 жылы толық ақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Қазақстанда 216,3 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Елімізде ҚР Үкіметі атынан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Carlsberg Central Asia" ЖШС арасында жасалған келісім шеңберінде алкогольсіз сусындар зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.09.2025
-
Қазақстан мен АҚШ арасында локомотив өндірісі артады
Қазақстан Еуразия кеңістігінде маңызды көлік дәлізіне айналған мемлекет. Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін теміржол саласының маңызы ерекше. Осы бағытта жүзеге асқан ірі жобалардың бірі – Астанадағы Локомотив құрастыру зауыты. Бүгін біршама БАҚ өкілдері зауыттың жұмысымен танысу үшін арнай пресс турға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Сенатор Маңғыстауда шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды
Депутат Сүйіндік Алдашев Сенат отырысында Маңғыстауда шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
Қазақстанда 1 млрд долларлық күнбағыс зауыты іске қосылады
2028 жылға қарай Қазақстанда дүние жүзінде үштікке кіретін ең ірі күнбағыс майы компаниясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.09.2025
-
Жанармай неге тапшы: Энергетика министрлігі көрші елдегі жағдайды түсіндірді
Ресейде жанармай тапшылығы артып, жекелеген жанармай құю бекеттері бензиннің жетіспеушілігінен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып жатқанда, Қазақстанда жағдай тұрақты. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025