Вакциналау
-
СҚО-да 230 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы екпе салдырды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күнге дейін 230 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырды.
10.07.2021
-
Вакцинацияланған студенттер арасында акциялар өткізетін ЖОО тізімі кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Бұған дейін Білім және ғылым министрінің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарланған болатын.
09.07.2021
-
Қажыларға вакцинацияның жалған паспортын дайындаған туристік компания анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау – Үкіметтің өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Covid-19 коронавирустық инфекциясы және онымен байланысты жағдайлар барлық салаларға айтарлықтай өзгерістер енгізді.
09.07.2021
-
Шымкентте вакцинация пункттеріне бейнебақылау камерасы орнатылды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте коронавирус вакцинасын салу пункттерінде видеобақылау камералары қойылды. Халықтың вакцина алу процесін тіркейтін жүйе еліміз бойынша Шымкентте алғаш орнатылды. Қазір қала аумағында вакцинация жұмысын ұйымдастыратын егу пункттерінің жалпы саны 45-ке жетті. Бұдан басқа, тағы 25 жылжымалы пункттер бар екен.
09.07.2021
-
Елордада вакцинацияланған оқытушылар мен студенттерге бағалы сыйлықтар беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КВИ вакцинасын алған елордалық ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары еліміздің тарихи өңірлеріне жолдамалар, сауықтыру турларын, дүкендерге жеңілдіктер және бағалы сыйлықтар ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
08.07.2021
-
4 млн-нан астам адам КВИ-ға вакцинаның бірінші компонентін салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 8 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
08.07.2021
-
Вакцина алдында қалай тамақтану керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация кезінде адамның жеген тамағы оның ағзасының қорғаныс жүйесінің тиімділігіне қалай әсер ететінін анықтады.
07.07.2021
-
Елімізде 3,9 млн-нан астам адам екпе салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 7 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
07.07.2021
-
COVID-19-ға қарсы вакцинация бойынша әлемдегі жетекші ел анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты иммундау бойынша Біріккен Араб Әмірліктері бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта БАӘ 15,5 миллион доза екпе егілген.
05.07.2021
-
Ахметов вакциналаудың бірінші кезеңін 15 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы эпидемиологиялық жағдай мен вакциналау барысы туралы кеңес өткізді.
03.07.2021
-
Вакцинация паспортының жалған және шынайы екенін ажырату мүмкін емес – Есенбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев вакцинация паспортының жалған және шынайы екенін ажырату мүмкін емес екенін айтты.
02.07.2021
-
Вакцинация паспортының дизайны өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев вакцинация паспортының дизайны өзгергенін айтты.
02.07.2021
-
Тоғжанов вакцинация паспортын қолдан жасаушыларды анықтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
02.07.2021
-
Вакцинация қаншалықты баяу болса, вирус соғұрлым тез мутацияланады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирус мутацияға жиі ұшырайды, яғни жаңа жағдайларға тез бейімделеді. Сондықтан коронавирустың әрбір жаңа мутациясы оны күшейтеді, деп санайды медицина ғылымдарының кандидаты, ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетінің эпидемиология және медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев.
02.07.2021
-
2 млн-нан астам адам вакцинаның II компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 1 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
01.07.2021
-
Алматыда зауыт жұмысшыларына вакцина салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Индустриалды аймағына орналасқан кәсіпорындардың шақыруымен мобильді екпе бригадалары «Алмапақ» зауытының жұмысшыларына вакцина салды. Әкімдіктің таратқан деректеріне сүйенсек, аталмыш зауытта вакцина салдыруға 30 адам жазылған. Олардың барлығы аталған зауыттың жұмысшылары болып табылады. Олар вакцинаның екі компонентін алыпты.
29.06.2021
-
ЖОО-лар студенттер арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ЖОО білім алушылары арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды. COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.
29.06.2021
-
Вакцина алушылардың қатары көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елде вакциналау қарқыны үдеп келе жатқанын айтты.
29.06.2021
-
Елдегі індетпен ауырып жатқандардың 43 пайызы екі қалаға тиесілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл республикадағы сырқаттану көрсеткішінің 43 пайызы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Алексей Цой айтты.
29.06.2021
-
Қарағанды облысында кәсіпорынның 10 мыңнан астам қызметкері вакцинацияланды
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстағы ең ірі кәсіпорын «АрселоМиттал Теміртау» компаниясының он мыңнан астам қызметкері КВИ-ге қарсы екпе алған. Қызметкерлерді вакцинациялау қолайлы болу үшін комбинат аумағында бірнеше егу пункттері ұйымдастырылды.
28.06.2021