Ұлттық ұлан
-
Сарбаздар бір күнде екі бірдей алаяқты қолға түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы Бұхар-жырау көшесі бойында патрульдік қызмет атқару барысында белгісіз біреу Ұлттық ұлан сақшыларын көре сала бірден жалт бұрылып, тұра қашады. Күдіктінің бұл әрекетін байқап қалған сарбаздар оны тез арада ұстап алып, жергілікті полицияның учаскелік пунктіне жеткізеді, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
23.06.2022
-
Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан тарихына арналған экспозициясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери тарихи мұражайында Ішкі істер органдарының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның құрылу тарихынан сыр шертетін көрме ашылды.
22.06.2022
-
Лаңкестік құрбандарын еске алуға арналған самбодан жарыс мәреге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 6655 әскери бөлімінде Ұлттық ұланының жауынгерлік және спорттық самбодан үш күндік чемпионаты мәреге жетті, сайыс 2016 жылғы 5 маусымда лаңкестік шабуыл кезінде әскери борышын адал атқарып, ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкерлердің еске алу рухына арналған.
20.06.2022
-
Ұлттық ұлан 22 офицермен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы «Отан қорғаушылар» Монументі жанында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлердің салтанатты шығарылымы өтті, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
18.06.2022
-
Ұлттық ұлан сақшылары көлік ұрлаған азаматты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда теміржол вокзалы аумағында кезекті патрульдік қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің сақшылары көшеде өзіне сенімсіз, мас адамша қисалаңдап жүрген адамды байқап қалады, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы.
17.06.2022
-
Қостанайда Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарға құрмет көрсетілді
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген сарбаздарға құрмет көрсетті.
16.06.2022
-
Қарағандыда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен адамға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. "Қарағанды-Жезқазған" бағытында марш түзеп бара жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлерінің колоннасы жолдың шетіне шығып кеткен көлікті байқайды.
14.06.2022
-
Шымкентте Ұлттық ұландыктар балтамен қорқытқан тұрғынды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлттық ұландыктар төбелесіп, балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
12.06.2022
-
Ұлттық ұлан сарбаздары Атыраудағы балалар үйінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 5546 әскери бөлімінен өздерінің Отан алдындағы әскери борыштарын антқа адал атқарып үйлеріне оралмақ болған мерзімді қызметтегі сарбаздар Атыраудағы балалар мүгедектер үйі мен облыстық жетім балаларды оңалту орталығында болды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
12.06.2022
-
Елорда ұландары жоғалған үш баланы туыстарына қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
11.06.2022
-
Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлттық ұланның жауынгерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10.06.2022
-
Қарағандыда ауыр түрдегі астмамен ауыратын әйелге ұландық жауынгер көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 1 маусым күні сағат 23:00 шамасында Майқұдық бағытындағы айналма жолда көлік жүргізіп келе жатқан әйелдің денсаулығы нашарлап, астма ұстамасына шалдығады.
03.06.2022
-
Ұлттық ұлан ерлікпен қаза тапқан сарбаздың әкесіне автокөлік сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында қаза тапқан қатардағы жауынгер Досболдың Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыровқа жеңіл автокөліктің кілті мен сертификатын салтанатты түрде табыс етілді.
30.05.2022
-
Алматыда «Әскери керней» іріктеу кезенің байқауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әрбір күштік құрылымда әскери оркестр деген болады.
29.05.2022
-
Ұлттық ұлан сарбаздары елорда тұрғынына жоғалған смартфонын тауып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның жауынгерлері елорда көшелерінің бірінен табылған қымбат смартфонды тауып, иесіне табыстады. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға кеше кешкісін орын алған.
28.05.2022
-
Ұлттық ұланның авиациясы екі жаңа тікұшақпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Қазақстан авиациялық индустриясы” ЖШС базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясына сатып алынған екі жаңа жаңғыртылған Ми-171Е көпфункционалды тікұшағының тұсаукесері өтті, – өтті, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
27.05.2022
-
Полиция сұранысқа қарай өзгеруі қажет – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де министр Марат Ахметжановтың, оның орынбасарларының, қызмет басшыларының, ведомствоның орталық аппараты қызметкерлерінің және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
26.05.2022
-
Әскерилер демалыс күндері жоғалған 4 баланы ата-анасына қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері елордалық тәртіп сақшылары жоғалған 6-8 жас аралығындағы төрт баланы тауып, ата-анасына қайтарды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
23.05.2022
-
Әскери авиация бөлімі 30 жылдығын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының мәдени орталығында 3656 әскери бөлімінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті,деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
19.05.2022
-
Есімді бірде жинап, бірде жоғалтып жаттым. Әскери қызметішінің анты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы» кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші әртүрлі деңгейде жарақат алып, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза тапты.
17.05.2022