Түркістан
-
Алматы мешіттері Мақтааралға көмек жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Алматы Орталық мешітінен "Мақтааралға көмек" атты қайырымдылық керуені жолға шықты.
09.05.2020
-
Шөкеев: Ленгірдегі сел салдары толық жойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған Төлеби ауданының жайын біліп қайтты. Селден жапа шеккен тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында олармен кездесіп, су шайған жерлерге бақылау жүргізді.
09.05.2020
-
Жеңіс - 75: Түркістаннан 18 547 азамат соғысқа аттанған
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мейрамына орай "Мәңгілік даңқ" атты онлайн іс-шарасы ұйымдастырылды. Онлайн шараны Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Болатбек Абдрасилов сөз сөйлеп ашты.
09.05.2020
-
Түркістан әкімдігі мен Өзбекстан тарабы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімдігі мен "Өзбекстан Республикасы құрылыс министрлігі" екіжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
08.05.2020
-
Су тасқынынан зардап шеккендерге мобильді ХҚО қызмет көрсетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтаарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді.
07.05.2020
-
Мақтааралға 200 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдауда.
07.05.2020
-
Полицейлер су басқан ауылда қалып қойған екі тұрғынды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер су басқан кенттерде қалған ауыл тұрғындарын құтқаруда, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
06.05.2020
-
Әуе дабылы түркістандықтардың зәресін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 9.00 шамасында қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы "әуе дабылы" беріліп, салдарынан халық арасында түсініспеушілік жағдай туындаған.
06.05.2020
-
Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз – Шавкат Мирзиёев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Бұхара мен Сырдарияда орын алған төтенше жағдайға байланысты жиында айтты, деп хабарлады Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі.
05.05.2020
-
Мақтаарал: 31 000-нан астам тұрғын эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған.
04.05.2020
-
Тоқаев: Бөгеттің бұзылуына байланысты Өзбекстанмен келіссөздер жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.
03.05.2020
-
Шөкеев: Халыққа жан-жақты көмек көрсетеміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті.
03.05.2020
-
Түркістан: Тасқын салдарынан 620 үй су астында қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен.
03.05.2020
-
Қырыққабат өсіріп, шығынға батқан түркістандық фермерлердің тағдыры шешілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті.
02.05.2020
-
Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.
02.05.2020
-
Түркістанның жеті құпиясы
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Тарихы біздің заманымызға дейінгі жылдардан басталған Түркістан қаласы – бұрынғы мен бүгінгінің тал бесігіне айналып отыр.
30.04.2020
-
Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.
30.04.2020
-
Түркістанда биыл 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
30.04.2020
-
Түркістандық дәрігерлер вирус жұқтырған әйелді босандырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 жастағы жүкті әйел Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 27-сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру жүргізілген соң, одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған.
29.04.2020
-
Ассамблея бір этностың мүддесін қорғайтын ұйым емес – Ғани Рысбеков
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстан туының астында 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аталып өтеді.
28.04.2020