Түркістан
-
Түркістандағы ұятты жағдай. 35 млн долларға салынған стадион суға толып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Футболдан Қазақстан чемпионаты да 30-маусымын бастады. Бірақ 30 жылдың ішінде өзгермей келе жатқан мәселелер өте көп. Нақтырақ айтсақ, премьер-лиганың 1-туры дау-дамайға қалды.
14.03.2021
-
Түркістанда бірнеше су қоймасы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын «Түркістан-Су» МКК пайдаланысындағы екі 1500м3 және 3000м3 қуатты су қоймалары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етуде. 2020 жылы ауыз су жүргізілмеген қала аумақтарына су құбырларын жүргізу жоспары жасалды.
12.03.2021
-
Түркістанға полицейлер керек. Депутат дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Әли Бектаев Үкімет басшысына жолдаған сауалында Түркістан облысында полицейлердің жетіспейтіні туралы мәселені көтерді.
11.03.2021
-
Түркістан облысында 41 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы 41 ойын бизнесі анықталып, жұмысы тоқтатылды. Оның 14-і Түркістан қаласында. Ал ағымдағы жылы қазірге дейін облыс көлемінде 14 заңсыз ойын бизнесі құрықталған. Бұл туралы брифингте облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Нұржан Нұрғабылов мәлімдеді.
11.03.2021
-
Түркістаннан Стамбұлға тікелей ұшақ қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
10.03.2021
-
Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан әуежайына барар жолдың бойы бау-бақшаға айналып, 400 гектар аумаққа 200 мың түп қара өрік көшеттері отырғызылды. Заманауи бау-бақша израильдік озық технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
09.03.2021
-
Түркістанда 1 300-ден астам медицина қызметкері екпе салғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда халықты ерікті түрде кезең-кезеңмен КВИ-ға қарсы екпемен қамту науқаны басталған болатын, деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
08.03.2021
-
Шөкеевтің орынбасары жас аналарды мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 Облыстық перинаталдық орталығында болып, жас аналарды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
08.03.2021
-
Биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығы Түркістан қаласы айналысына 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады. Қазіргі таңда оның 7 700 гектары аяқталған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат реттеуді пайдалану басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді.
06.03.2021
-
Түркістанның барлық шаруасы жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінетін пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеге кез келген шаруа қол жеткізе алады. Бастысы, кредиттік тарихында олқылық болмай, бизнес-жоспары болуы шарт. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
06.03.2021
-
Түркістанда жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
04.03.2021
-
Түркістанда 46525 анаға бюджеттен мерекеге орай 277 млн теңге бөлінді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл алда келе жатқан 8 наурыз қыз-келіншектер күні мерекесіне орай Түркістан өңіріндегі 46525 анаға қала мен ауданның қазынасынан 277 млн-нан аса теңгенің біржолғы материалдық көмегі көрсетілетін болады.
04.03.2021
-
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында былтыр 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған.
04.03.2021
-
Түркістан облысында 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқи бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Яғни, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытылады. Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.
04.03.2021
-
Түркістанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы басталған коронавирус індетінің зардабын адамзат әлі де тартып келеді. Денсаулығына атүсті қарайтын азаматтар өз өміріне алаңдап, сақтана бастады. Қауіпсіздік шараларын ұстанып, саламатты өмірдің қадірін ұғына түсті. Елімізде қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру, елдегі эпидемиологиялық жағдай, медициналық білімді жаңғырту жұмыстары тереңдетіп жүргізіліп жатыр. Десе де, медицинада олқы тұстар, кемшіліктер бары жасырын емес.
03.03.2021
-
Түркістанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 60-тан астам іс-шара өткізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, Түркістан қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында орнатылған ескерткіштер мен бюстеріне гүл шоқтары қою іс-шарасы өткізілді.
01.03.2021
-
Түркістанда 5 адам газдан уланып, қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне «103» қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті.
27.02.2021
-
Түркістанда көкпардан аймақтық жарыс өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 24-27 ақпан аралығында көкпардан жастар арасында Түркістан облыстық чемпионатына орай аймақтық іріктеу жарысы болып өтті.
27.02.2021
-
Түркістанда халықаралық рейстер ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық әуе компаниялары Түркістан қаласының әуежайынан халықаралық рейстер ашуды жоспарлап отыр.
26.02.2021
-
Түркістан әуежайының аумағына 140 мың ағаш егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан халықаралық әуежайға барар тасжолдың бойы тұтастай жасыл желекке бөленеді.
26.02.2021