теңге
-
640 000 теңгеден басталады: Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды
Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап, Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының жаңартылған деректері негізінде BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.
11.12.2025
-
11 желтоқсандағы ресми бағам: Доллар, еуро және рубль қалай өзгерді?
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 11 желтоқсан, бейсенбі күнгі шетел валюталарының ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.12.2025
-
Теңге қарқыны баяулады: Қазақстандағы доллар бағамынан не күтуге болады
Соңғы айларда Қазақстанда доллардың бағамы айтарлықтай төмендеді. Алайда экономистердің бағалауынша, теңгенің күрт нығаю кезеңі аяқталуға жақын. Экономист BAQ.KZ тілшісіне ұлттық валютаның күшеюіне әсер еткен негізгі факторларды, оның реттеуші жүргізіп отырған саясатпен байланысын және алдағы апталарда валюта нарығында қандай өзгерістер күтілетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
06.12.2025
-
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Экономист Бауыржан Ысқақ ақша айырбастау пунктеріндегі доллар тапшылығының негізгі себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жағдай, ең алдымен, нарықтағы ұсыныстың азаюымен байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Айырбастау пункттерінде доллар сатылмай жатыр – экономист жағдайды түсіндірді
Тұрғындар кейбір айырбастау пункттері доллар сатудан бас тартқанына шағымданды. Экономист Арман Бейсембаев BAQ.KZ тілшісіне мұндай жағдайдың неден болып жатқанын және алаңдауға себеп бар ма екенін түсіндірді.
05.12.2025
-
Доллар арзандап, теңге нығайды: экономистер өзгерістердің себебін түсіндірді
Қазан айынан бері теңгенің айырбастау бағамы бір доллар үшін 499-500 теңге деңгейге дейін тұрақты түрде нығайып келеді. Мысалы бүгін доллар курсы 499,65 теңгеге тұрақталды.
05.12.2025
-
Қатаңдыққа бет бұру: рекордтық мөлшерлеме инфляция мен теңгеге қалай әсер етеді?
Қазақстанда базалық мөлшерлеме ел тарихындағы ең жоғары деңгейде – 18% болып тұр. Ұлттық банк оны кем дегенде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталғанға дейін төмендетуді жоспарламайтынын мәлімдеді. Қаржы реттеушісі инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары екенін, ал инфляцияны төмендету үшін оның ұзақ уақыт бойы тұрақты баяулауы қажет екенін атап өтті. BAQ.KZ тілшісі экономистермен сөйлесіп, ағымдағы мөлшерлеме сақтала ма және бұл шешім ел экономикасына қалай әсер ететінін сұрады.
05.12.2025
-
Доллар төрт күн қатарынан арзандап келеді – жаңа минимум тіркелді
АҚШ долларының бағамы төмендеуін жалғастырып, 500 теңге деңгейінен төмен тұрақтап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.12.2025
-
Ұлттық банк теңге курсына қатысты мәлімдеме жасады
Теңге 499-500 деңгейіне дейін нығайды. Инвестициялар көлемі рекорд жаңартты. Ұлттық банк экономикалық саясат пен нарық сенімі валютаға қолдау көрсеткенін мәлімдеді.
04.12.2025
-
Экономист болжамы. Жаңа жылда доллар қанша болады?
Дәл бүгін ақша айырбастау пунктерінде доллар 504,7-507 теңге бағамымен сатылып және сатып алынып жатыр. Экономист Айбар Олжайдың 2026 жылы доллар бағамына қатысты болжамын білдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
-
2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?
Қазақстанда ең төменгі жеткілікті шегінің (ТЖШ) өзгеруі қоғамда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Азаматтарды әсіресе шек өссе, қанша пайызға немесе қанша теңгеге өсетіні, сондай-ақ есептеу формуласы өзгеруі мүмкін бе деген сұрақтар толғандырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
-
Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген коллекциялық монетаны шығарды
Ұлттық банк Мысыр құдайлары бейнеленген коллекциялық монетаны шығарды. Оны 3 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің онлайн дүкенінен сатып алуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Ұлттық қор қарашада 600 млн доллар сатты: теңгені не қолдады?
Қараша айының қорытындысы бойынша теңге 3,3%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 512,57 теңге деңгейіне жетті. Валюта нарығындағы сауда белсенділігі де артқан: Қазақстан қор биржасындағы орташа күндік сауда көлемі 271 млн доллардан 280 млн долларға өсті, ал айлық жалпы сауда көлемі 5,6 млрд долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.
01.12.2025
-
Сауда теңге мен рубльді де байланыстырады – сарапшы
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында Қазақстан мен Ресей экономикасындағы байланыс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.11.2025
-
Ұлттық банк: Жыл соңына дейін теңге бағамына қауіп жоқ
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің нығаюы тек нарықтық тетіктердің – сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің нәтижесі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.11.2025
-
Бүгін ұлттық валюта – теңге күні
Бүгін, 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валютасы, төл теңгенің туған күні. Биыл алғаш айналымға енгеніне 32 жыл толып отыр. Осы датаға орай, теңгенің қалыптасу кезеңіне тағы бір үңіліп көрейік.
15.11.2025
-
15 қараша – Ұлттық валюта күні: Теңгенің тарихы
15 қараша – Ұлттық валюта күні. Биыл төл теңгеміздің қолданысқа енгізілгеніне 32 жыл толды. Бұл күнді қаржы секторында еңбек ететін мамандар кәсіби мереке ретінде атап өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
15.11.2025
-
Теңге қашан нығаяды? – Эконимист доллар бағамына қатысты болжам жасады
Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Қазақстан экономикасы шикізаттық тәуелділіктен арылып, нақты әртараптандыруды жүзеге асырмайынша, ұлттық валюта нығая алмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Қазақстандықтар рекордтық қаражат жинап отыр – зейнетақы жинағы 25 трлн теңгеден асты
2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлемі 25,73 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Депозит ашу рекордтық көлемге жетті: Қазақстанда депозиттер қанша пайызбен ашылады
2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың банктердегі депозиттері 26,4 трлн теңгеге жетіп, тарихтағы ең жоғары көрсеткішке шықты. Ал теңгедегі салымдар бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 14,4% болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
28.10.2025