сұхбат
-
Шебер: Қазақтың құрақ көрпесін әлемге паш еткеніме қуаныштымын
Күні кеше елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өз мәресіне жеткені белгілі. Әлем назарын бірнеше күн бойы өзіне аударған ауқымды ойындарда таңқаларлық бірегей іс-шара көп болды. Солардың бірі – алып құрақ көрпенің тігілуі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.09.2024
-
Америкалық көкпаршы қазақ жылқылары туралы кітап жазбақ
Америкалық көкпаршы әрі жазушы Уилл Грант қазақ жылқылары туралы кітап жазбақ. Жазушыны Көшпенділер ойнындағы қазақ пен қырғыз жылқылары таңғалдырған. Сондай-ақ Грант Қазақстанда өтіп жатқан 5-ші Көшпенділер ойыны туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.09.2024
-
Мұғалім болып істеген адамға үйде отыру қиын - 77 жастағы ардагер ұстаз
Білімді әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру үшін Абайдың мұрасына көңіл бөлуіміз керек. Түбіміз бір, тамырымыз терең қазақ боламыз десек, өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Өткенсіз келешек жоқ. Мұндай пікірді кейіпкеріміз, зейнет жасындағы ардагер ұстаз Гүлжиян Назарқұлова айтты.
22.08.2024
-
Қазақ-өзбек қарым-қатынасының дамуына сыртқы ахуал мен ішкі мақсат ықпал етті - сарапшы
7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары болады. Орталық Азиядағы екі бауырлас елді қазірдің өзінде көп нәрсе байланыстырады және болашақта талқылайтын ортақ мәмілелер де жоқ емес. Осыған орай осындай деңгейдегі сапар алдында BAQ.KZ тілшісі саясаттанушы Риззат Тасыммен сұхбат құрып, алдағы іс-шараға байланысты пікір білді.
06.08.2024
-
Бүгін - Халықаралық жолбарыстар күні
Жыл сайын 29 шілде бүкіл әлемде Халықаралық жолбарыстар күні ретінде аталып өтіледі. Осы ретте жолбарыстар жайлы қызықты деректер мен мәліметтерді Алматы хайуанаттар бағының жыртқыш аңдар бөлімінің маманы Ерасыл Сағындық айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
29.07.2024
-
Жас бапкер: Шәкірттерімнің жеңісі - менің жеңісім
«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген қазақта жақсы сөз бар. Спорт саласында жетістікке жетіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жүрген Диас Айымқұловтың іс-әрекеті осы сөзге дәлел. Әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, танымал болған видео біраз адамның жүрегін елжіреткені анық. Таеквондодан балаларды тегін жаттықтырып, өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген жас бапкердің болашақта жоспары қандай екенін өзімен хабарласып, сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.07.2024
-
Алмас Салықбаев: Ақтөбенің атын шетелге танытатын бренд жасауымыз қажет
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында бірқатар кәсіпкерлік нысандарын су басты. Қазір оларды жан-жақты қолдау шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ өңірде бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы өсіп жатыр. Ішкі туризм саласының жағдайы да мәз емес. Біз осы және өзге де мәселелер төңірегінде Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевпен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.06.2024
-
Қазақ тілін түсініп, күй тыңдайтын ит желі жұлдызына айналды
Әлеуметтік желіде көптің көзіне түскен патриот ит бар. Оның аты – Майлыбек. Ит иесі Темірлан Тоспаев итінің ерекшелігі жайлы айтып, сұхбат берді, BAQ.KZ тілшісі.
11.06.2024
-
"Несие алып бер. Қарызсыз өмір сүре алмаймыз": Тез байып кетудің жолы қандай
Қазіргі нарық заманында ақшаның тілін таба білу, қаржылай сауатты болу өте маңызды. Қазақ қоғамының қаржылай сауаттылығын қалай көтереміз? Несиесіз қоғамды қалай қалыптастырамыз? Не болмаса тез байып кетудің жолы қандай?
06.06.2024
-
Роман Скляр: Біздің негізгі проблема — теңізге шығатын жолдың болмауы
Primeminister.kz редакциясы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан шаралар мен Үкімет жұмысының қазіргі бағыттары туралы сұхбаттар топтамасын жариялауды бастады. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр өнеркәсіптің дамуы мен экономиканың нақты секторындағы негізгі оқиғаларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.06.2024
-
Сұқбат эмоционалды болып шықты: СІМ Зеленскийдің сұқбатына реакция білдірді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина президентінің Орталық Азия елдерінің журналистеріне берген сұқбатына пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.06.2024
-
Кітапхана – кітап сақтайтын қойма емес – кітапханашы
Гулбағира Сәдірқызы 30 жылдан аса осы салада табан аудармай еңбек етіп келеді. Бір саладның жілігін шағып, жылдар өте өзі де сол салаға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанына дәлел – оның алған мадақ-марапаттары, сый-құрметтері, республиканың әр қиырында үздік еңбек етіп, қоғам пайдасына қызмет қылып жүрген шәкірттері.
BAQ.KZ журналисі бақытын осы мамандықтан тапқан, шәкірт баптап, талай республикалық сындарда жүлдегер боп келе жатқан қадірлі кітапханашымен сұхбат өрбітті.
31.05.2024
-
Қазақша сөйлеу үшін қазақша армандадым - Лагуткина
Бүгінгі таңда Юлия Лагуткина 500-ден астам адамға қазақ тілін үйретіп жатыр. Ол бұл жолға қалай келгенін, мемлекеттік тіл мансабына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.05.2024
-
Алладан туған күнімде маңайым толған жыр екен – Жұлдыз Бейсек
«Жұлдыз Бейсектің ақ жібектей жырлары кәусар тазалығымен, шынайы мейірімділігімен баурайды. Оның сөзбен сурет сала білетіндігі, сезіммен ой тұңғиығына бойлай білуі – шын талантқа тән айқын сипат» деп баға берді ақынға ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш АХМЕТОВА. Иә, біз сұхбат құрған Жұлдыз Бейсек – Жамбылдың мақтанышы.
Жұлдыз Бейсек 1987 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. «Іңкәр–Ғазал», «Мен сенің көктеміңмін», «Сүйші...» кітаптарының авторы.
Көрнекті ақын Кеңшілік Мырзабеков атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты; Республикалық Ахыт Үлімжіұлы атындағы жазба ақындар жыр мүшәйрасының ІІ орын иегері. 2017 жылы өткен Астана рухани жастарының «Еңселі елім, байтағым» байқауының «Үздік поэзия» номинациясы бойынша жеңімпазы. Оның өлеңдері әзербайжан, испан, түрік, қырғыз тілдеріне аударылған. Өзі де әзербайжан ақындарының жырын қазақ тіліне аударып, рухани ынтымақтастық жолын жалғап келеді. Бала Жұлдыздың жырын оқыған жұрт қазір дана Жұлдыздың, ана Жұлдыздың жырларын іздеп жүріп оқиды. Үш перзентіне аяулы ана, еріне сүйікті жар, қоғамдық істің басында жүріп, қалам ұстап, қағаз кемірген ақын жүрегі әрдайым алаңдаулы. Оқырман назарына жүрек сөзін жазып жүрген Жұлдыз ақынмен сыр-сұхбатты ұсынамыз.
30.04.2024
-
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды - сарапшы
Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Қазақстан қоғамы үшін ең өзекті және маңызды мәселелердің біріне айналды. Бұл әлеуметтік әрі құқықтық проблеманың ауқымын, себебі мен салдарын түсіну өте маңызды. Осы тұрғыда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын талдау осы құбылысқа ықпал ететін факторларды анықтап қана қоймай, оның алдын алу және онымен күресу бойынша практикалық шараларды ұсынуға мүмкіндік береді. Осы тақырыпқа қатысты BAQ.KZ тілшісі сарапшы, әлеуметтанушы Айнұр Бақытжановамен сұхбаттасқан еді.
17.04.2024
-
Шетелдегі қазақ ғалымдарын қалай қайтарамыз?
Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде шетелдегі қазақ ғалымдарын елге қайтару, жастарды шетелге тәжірибе алмасуға жіберу, ғылымдағы өзекті мәселелер туралы айтты. Мемлекет басшысы атап өткен мәселелер туралы «Шетелдегі 100 KZ ғалым» жобасының жеткшісі, MD, MPH, DrPH, Назарбаев Университетінің профессоры Қуаныш Ерғалиевпен сұхбаттастық, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.04.2024
-
Бишімбаев соты қалталы азаматтарға қызықпау керегін түсіндірді – психолог
Атышулы Бишімбаевтың соты жасөспірімдер мен қыздардың психологиясына қалай әсер етуде? Бұл туралы тәжірибелі психолог маман Нұргүл Даубаевамен әңгімелестік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.04.2024
-
Театр - тарихтың ортасы, рухани алаң, тәрбие құралы - Сайлау Қамиев
27 Наурыз Дүниежүзілік театр күні. «Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі» деген еді Мұхтар Әуезов. Театр рухани ләззат сыйлайтын, көрерменді өзіне баурап алатын керемет мекен. Осы ортаның қазанында қайнап жүрген Ақтөбе облысы Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың директоры, актер Сайлау Қамиевпен театр күні қарсаңында сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.03.2024
-
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!..
Иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Рамазан айындағы ең үлкен сауапты істің бірі – Рамазан оразасын ұстау, яғни ауыз бекіту.
Бүгін еліміздің барлық мешітінде тарауиқ намазы оқылды. Санаулы сағаттан соң ауыз бекітуге ниет еткен мұсылман баласы таң сәресін ішеді. Ораза ұстауға ниет қылған барша мұсылманның дұға-тілегі қабыл болсын деген тілекпен ораза ұстаудың жалпы қағидалары жөнінде мағлұмат бере кеткенді жөн көрдік. Осы орайда Жамбыл облысы, орталық “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы Есет Тұрдыбайұлын әңгімеге тарттық.
11.03.2024
-
Адамзат Жерді тастап кете ала ма? - Астрофизикпен сұхбат
Адамзаттың Жер планетасынан көшетін кезі бола ма? Әлемде мұндай фильм мен туындылар көп таралған. Бұл сапарға жаңа технологиялардың қауқары жете ме? Адамзат дайын ба? Өзге ғаламшарлықтар бар ма? Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.03.2024