субсидия
-
Елімізде 20-дан астам құс фабрикасы салынады
Қазақстанда жылына 200 мың тоннадан астам құс етін өндіретін 20-дан астам фабрика салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.05.2023
-
Шығыстағы егіс алқаптары 10 мың гектарға ұлғайды
Биыл Шығыс Қазақстандағы егістік алқаптарының ауданы былтырғымен салыстырғанда он мың гектарға кеңейіп отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
25.05.2023
-
"Үш қатысушы да платформаның тұтқынына айналды". Фермерлер субсидиясыз отыр
Шаруалар әлі де субсидия ала алмай отыр. Өйткен Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде кейбір фермер өтінім бере алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.05.2023
-
Жамбылда жоқ алқапқа субсидия алған алаяқтардың істері тергелуде
Жамбылда мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған азаматтар 4 қылмыстық іс бойынша тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.05.2023
-
Қарағандыда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі артпақ
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 2022 жылы 468,6 миллиард теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға жоғары болды, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
17.04.2023
-
"Екі ортада шаруа қиналды". Сарапшы өтінім беретін порталдағы олқылықтарды тізіп берді
2023 жылғы сәуірдің ортасынан асып барады. Бірақ шаруалар мемлекет берген субсидияны әлі ала алмай шырылдап жүр. Қанша айтылса да, құзырлы мемлекеттік орган субсидияға өтініv қабылдайтын (gosagro.kz) жүйедегі кемшіліктерді жоюдың орнына құрғақ уәдемен сан соқтырып келеді. Ұлттық палатаға жүгінген фермерлердің саны да аз емес. «Баяғы жартас бір жартастың» кебін киген шаруалардың амалы таусылды. Ал, АШМ «бәрі жақсы» деп сендірді. Мұны естіген фермерлер: «не министр кетсін, не өзі келіп көрсетсін» деп ашуға булығып отыр.
Мәселе былай – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қолдаудың» орнына ашқан жаңа gosagro.kz сайтын толық іске қоса алмай отыр. Министрлік «шикі» платформаны пайдалануға беріп, енді шаруалар субсидиясыз қалды. Көктемгі егіс науқанына кешікті деуге де болады. Егін уақытылы егілмесе, өнім қайдан болады? Демек онлайн платформаның жүйесіз жұмысының салдары ауыр – азық-түлік қымбаттап, шаруалар мүлдем егін егуден бас тартуы мүмкін.
Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (gosagro.kz) кемшіліктері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Есенеев айтып берді.
Кейінге шегінейік... Субсидиялау процестерін цифрландыру сәтінен, яғни 2018 жылдан бастап, проблема аз болған жоқ. Оның ішінде Қолдау порталының жеке меншікке тиесілі болуына байланысты фермерлер дербес деректерді қорғау, қызметтер құнының күрт өсуі, техникалық қателердің болуы, кері байланыстың болмауы мәселелеріне алаңдады. Олар кейін «Қолдау» порталын қолдану барысында пысықталды.
Ал биыл АШМ gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесін қосты. Оның функционалы да, өкінішке қарай, фермерлердің өтінімдерін онлайн тапсыруға және оларды мемлекеттік органдардың қарауына ғана негізделген.
«Жаңа порталда олқылықтар көп. Біреуіне тоқталсам: өтінім дұрыс толтырылмаған жағдайда бұғаттау жоқ. Мысалы, Ақмола облысы бойынша осы жылға «Пестицидтерге арналған нормативтерді бекіту туралы» қаулы қабылданған жоқ, ал өтінімдер ауыл шаруашылығы басқармасына түсіп жатыр. Бақылау-қадағалау органдары қайтару үшін айқындаған субсидиялардың көпшілігі барлық құжатты тапсыру кезінде кәсібилігінің төмендігі немесе заңнаманың өзін екі жақты пайымдауына байланысты белгіленгенін атап өткім келеді», – деді Ұлттық палата өкілі.
Мұнымен қоймай, Ауыл шаруашылығы министрлігі порталдың жұмысы «тамаша» дегендей бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырды. Оның үстіне журналистерге фермерлердің қызметіне күмән келтіретінін жеткізген.
«АШМ жақында өзінің әзірленген порталын қорғаймын деп, бұқаралық ақпарат құралдарында фермерлермен ЭШФ-ны тыңайтқыштың немесе пестицидтің бір түріне бірнеше рет қолдану бойынша алаяқтық әрекеттер жасалғандығы, сондай-ақ егістік көлемін сипаттау кезінде ұлғайтқаны туралы айыптап, АӨК-тің барлық субъектінің қызметіне күмән келтірді», – деді Ербол Есенеев.
Сарапшының айтуынша, порталдың жұмысына қатысты проблемаларды тізе берсе көп. Солардың бірі – шаруалардың порталдағы жұмыс процесін түсінбеуі. Ірі холдингте субсидияға өтінім беру үшін арнайы адам табылуы мүмкін, бірақ өзі агроном, өзі зоотехник және өзі басшы болатын шағын фермаларда порталдың жұмысын зерттеп отыратын уақыт жоқ. Сарапшы бұдан бөлек басқа проблемаларға тоқталды.
«Мысалы, 6 құс фабрикасын біріктіретін Aitas ірі холдингі де өтінім беруде қиындықтарға тап болды. № 20 «құс шаруашылығында бірінші және екінші ретті асыл тұқымды репродукторды құру және кеңейту» жобасының паспорты бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім беру кезінде порталда жобаның паспортында көрсетілген тармақтарға сәйкес асыл тұқымды репродукторды салу немесе кеңейту жөніндегі бір жоба шеңберінде салынған ғимараттарды орналастыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жеке өтінім беру көзделген. Әрбір жеке ғимаратқа және осы ғимараттар үшін әрбір жабдыққа инвестициялық субсидиялауға жекелеген өтінімдер беру дұрыс емес. Осыған байланысты порталды құрылыс заңнамасына сәйкес дұрыстау қажет», – деді ол.
Сондай-ақ, компания пайыздық мөлшерлемеге өтінім беру проблемаларына тап болған. Мұнда банкінің қарыз шарты бойынша қарызды өтеу кестесін толтырған кезде кемшіліктер бар:
- негізгі борыштың қалдығы алынып тасталмайды;
- субсидиялар сомасы және негізгі борыш қалдығының сомасы дұрыс емес деп есептеледі;
- қарызды өтеу кестесі дұрыс емес деп саналады;
- сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасы қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;
- қарыз алушы төлейтін сыйақы бөлігінің сомасы да қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;
- қарызды өтеу кестесін толтыру кезінде екінші жолдың не үшін қарастырылғаны белгісіз;
«Бұл мысал тек бір ұйымнан. Фермерлер жүйе заңнамада көзделмеген жекелеген паспорттар бойынша жабдыққа немесе аспалы техникаға тіркеу нөмірін талап ететін мәселелер бойынша да наразылықтарын білдірді», – деп жалғастырды спикер.
Несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша осы уақытқа дейін (2022 жылы мақұлданған) резервке түскен өтінімдердің тізімі жоқ. «Хабарлама» беру процесі қарастырылмаған, яғни төлемдерді қайта жүргізген фермерлер мемлекеттік қолдау шараларын: ішінара мерзімінен бұрын өтеу, құқық иесінің ауысуы және басқаларды ала алмай отыр.
«Ұлттық палата ұзақ уақыт бойы БСН берілген шаруа қожалықтары бойынша «Қолдаудың» әзірлеушілерімен жұмыс істеді. Субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, Gosagro-да осы өзгерістер ескерілмеген және БСН-і бар шаруа қожалықтар өтінім бере алмай, зардап шегіп отыр», – деп қосты Ербол Есенеев.
Бұл Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (Gosagro) бойынша проблемалардың ең аз бөлігі ғана.
«Атамекен» Ауыл шаруашылығы министрлігіне олқылықтарды жою, сондай-ақ нақты уақыты мен күні белгіленген жедел штаб құру туралы бірнеше рет хат жолдады. Алайда, осы уақытқа дейін АШМ тарапынан кері байланыс жоқ, ал проблемалар бірнеше айға созылып кетті», – деді сарапшы.
Маманның айтуынша, мемлекеттік база талдау және ақпарат алмасу, өңірлердің мамандануын анықтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін ресурстық көз болуы тиіс – бұл әлемдік тәжірибе.
«АҚШ-та мемлекеттік ақпараттық жүйе осылай жұмыс істейді. Бұл бос өтінім базасы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ақпараттық ағындарды басқарудың геопорталы. Ал мұндай міндеттерге қол жеткізу үшін салалық ведомство барлық мүдделі тұлғамен бірлесіп мәселені жедел шешуі қажет», – деп ұсынды Ербол Есенеев.
15.04.2023
-
Субсидияға қатысты жаңа жоба таныстырылды
Кез-келген азамат gosagro.kz жүйесіне кіру арқылы ауыл шаруашылығындағы фермерлерге қандай суммаға субсидия берілгенін көре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.тілшісі.
10.04.2023
-
Түркістан облысында шаруалар субсидия қаржысын тойға жұмсаған
Түркістан облысында шаруалар ауыл шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал басын көбейтуге берілген субсидияны мақсатсыз пайдаланған, деп хабарлайды BАQ.KZ Қазақстан Телеарнасына сілтеме жасап.
04.03.2023
-
Фермерлер 17,1 млрд теңгеге өтініш берді
Қазақстандық фермерлер 1 ақпаннан бастап gosagro.kz порталында жалпы сомасы 17,1 млрд теңгеге субсидия алуға 3067 өтінім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.02.2023
-
Субсидиялаудың кесірінен сүт өнімі қымбаттауы мүмкін
Кәсіпкерлер субсидиялау тәсілдерін өзгертудің орынсыздығын дәлелдеп, бір айдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігіне проблемасын жеткізе алмай келеді. Егер өңдеушілер субсидиясыз қалса, сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.01.2023
-
Ақпаннан бастап фермерлер субсидияға өтінім бере алады
«АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
10.01.2023
-
Экс-министр Өскенбаев 2022 жылда қандай жұмыстар атқарды?
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің экс-басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.01.2023
-
Жетісу фермерлері субсидия алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.12.2022
-
Биыл исатайлықтарға ауылшаруашылығы үшін 156 млн теңге субсидия берілді
Биыл исатайлықтарға ауылшаруашылығы үшін 156 млн теңге субсидия берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2022
-
Елдегі электр энергиясы тарифі 2019 жылдан бері қайта қаралмаған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.10.2022
-
Министр жемқорлық жайлаған субсидия түрін атады
Жетісу облысында АӨК-те алдағы үш жылда құны 32 млрд теңгеге жуық 67 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі жаңа аймаққа алғашқы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.10.2022
-
Субсидия алушыларға жаңа міндеттеме жүктеледі
Оның сөзіне қарағанда, биыл 1 шілдесінен бастап цифрландыру есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі іске қосылған.
28.09.2022
-
Сиыр етін субсидиялау алынып тасталуы мүмкін
Ол қос субсидиялауды болдырмау үшін сиыр етін өңдеу кәсіпорындары үшін сиыр етін дайындау құнын субсидиялауды алып тастау ұсынылғанын атап өтті.
28.09.2022
-
АШМ субсидия төлеу тетіктерін түсіндірді
Қосарланған субсидиялауды болдырмау мақсатында бірегей тұқымдарды субсидиялаудан бас тарту ұсынылады.
28.09.2022
-
Абай облысының фермерлері жеңілдетілген несие ала алмайды – сенатор
Семей полигонын зерттеуге 806 млн теңгеден астам қаражат бөлінді,бірақ нәтиже жоқ
22.09.2022