су тасқыны
-
ШҚО ауылдарын көктемгі су тасқыны ала бастады
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданында су тасқыны басталды. Лай су екі үй мен көше бойын басып қалған. Бұл туралы өңірдегі ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
29.03.2019
-
«Қаражал-Атасу» тас жолында тасқын су жолдың ернеуінен асып кетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше республикалық маңызы бар «Қаражал-Атасу» авто жолында еріген қар суы жолдың ернеуінен асып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
28.03.2019
-
Ақмоланың бес ауданында су тасқынының қаупі жоғары
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының Атбасар, Аршалы, Астрахан, Целиноград және Сандықтау аудандарында көктемгі су тасқынының қаупі жоғары екені анықталып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді.
27.03.2019
-
Солтүстік Қазақстанда су тасқынының қаупі күшейді
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжар өңірінде су тасқынының қаупі күшейді. Синоптиктердің болжауынша, теріскейде алдағы екі аптада күн күрт жылынады. Оған қоса, наурыз айының соңы жауын-шашынды болмақ. Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі қызмет жоғары дайындық режиміне көшті.
26.03.2019
-
Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде 26-29 наурыз аралығында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.
26.03.2019
-
БҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда
Астана, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында қар қалың жауды. Биылғы жылы облыс аумағында өткен жылмен салыстырғанда аномальды қар түсті, бұл құбылыс 30 жыл бұрын орын алған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлады.
20.03.2019
-
Елордада көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде
Астана, BAQ.KZ. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
19.03.2019
-
Ақмолада су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысының аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді, деп жазады ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
19.03.2019
-
Балқашта 3 жолаушысы бар көлік суға батып кетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Алматы-Екатеринбург бағытындағы күре жолдың Балқаш қаласына жақын жеріндегі Шұбар Түбек елді мекенінің маңында ішінде үш жолаушысы бар автокөлік суға батып кеткен. Абырой болғанда адамдар дін аман.
19.03.2019
-
Ертіс өңірінде су өткізу құбырлары тазартылып жатыр
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде су тасқынына қарсы шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта жұмыс комиссиясының мүшелері су басуы ықтимал елді мекендерде бақылауды күшейтті.
18.03.2019
-
СІМ: Индонезияда су тасқынынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ
Астана, BAQ.KZ. Су тасқыны құрбандарының жалпы саны 63 адамға жетті. Индонезияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады "ҚазАқпарат"ХАА.
18.03.2019
-
Еліміздің бірнеше облысында су тасқыны болуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында күннің күрт жылуына байланысты, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.
17.03.2019
-
Кейбір елдімекенді су басу қаупі төніп тұр
Алматы, BAQ. Биылғы көктемде Қарағанды, Қостанай, Шығыс пен Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.
09.03.2019
-
Түркістан облысында су басу қаупі бар аймақтар тиісті бақылауға алынды
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалпы су басу қауіпі бар 64 нысан болса, оның барлығы тиісті деңгейде тұрақты бақылауға алынған. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
05.03.2019
-
Көктемгі су тасқыны мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің төрағалығымен өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері бойынша төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
04.03.2019
-
Астанада су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде
Астана, BAQ.KZ. Қала әкімдігі 2019 жылы Астана аумағында тасқын суды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша кешенді жоспарды бекітті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
28.02.2019
-
Өскемен. Қарғын суға қарсы тұрар қауқар қалай?
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. «Көктем-2019» республикалық командалық оқу-жаттығулар аясында дайындықтарын пысықтаған облыс орталығының құтқарушылары жаттығу орны ретінде өткен жылы қарғын судан тұрғын үйлері ең көп зардап шеккен Меновное ауылын таңдап алды.
27.02.2019
-
Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарымен танысты.
15.01.2019