спорт
-
Алматыда 30 жыл бойы жұмыс істемеген велотрек жөнделді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы орталық Мәдениет және демалыс паркінде заманауи велотрек ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
05.05.2019
-
"Канело" америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты ұпай санымен жеңді
Алматы, BAQ.KZ. WBC және WBA (Super) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белдігін тартып алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
05.05.2019
-
Головкин жаңа жаттықтырушысын таныстырды
Алматы, BAQ.KZ. Бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс отандасымыздың жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Геннадий Головкин арнайы өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп жазды Vesti.kz.
05.05.2019
-
Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатының элиталық раундына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шайбалы хоккейден елордада өтіп жатқан 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионатында Қазақстан І орынға көтерілді.
04.05.2019
-
Хоккей: Қазақстан бүгін I орынға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі.
04.05.2019
-
Қазақ күресінен Еуропа чемпионатының «тұмары» бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Qazaq quresi федерациясы ұжымы қазақ күресінен Еуропа чемпионатының «тұмарын» бекітті. Ол – гном ескерткіші, деп хабарлады Халықаралық Qazaq quresi федерациясының баспасөз орталығы.
03.05.2019
-
Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан, деп хабарлады Olympic.kz.
03.05.2019
-
Садақ атудан Әлем кубогіне қатысатын мергендер белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-13 мамыр аралығында садақ атудан Қытайдың Шанзай қаласында әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
03.05.2019
-
Хоккей: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан қатарынан үшінші жеңісін тойлады.
02.05.2019
-
Спорттың барлық түріне қолайлы жағдай жасалады - әкім
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. 13 жастағы спортшылар облыс әкімінің кубогі үшін таласады. Турнирдің ашылуына өңір басшысы Оңдасын Оразалин қатысты.
02.05.2019
-
Хоккей: Қазақстан бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
02.05.2019
-
Хоккейден Әлем чемпионатына арнайы автобустар қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда да 30 сәуір күні, сондай-ақ мамырдың 1, 2, 3, 4 және 5 күндері әлем чемпионатының хоккей матчтарының өткізілуіне байланысты арнайы "Shuttle-Bus" автобустары ұйымдастырылады.
30.04.2019
-
Андрей Скабелка: Жеңістен айырылып қаламыз ба деген қорқыныш болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка әлем чемпионатындағы алғашқы ойынды қорытындылап өтті.
30.04.2019
-
Отандық велоспортшылар Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында олимпиадалық спорт түрлерінен бірнеше Азия чемпионаты өтті. Оның ішінде, Ташкентте жалауы желбіреген велоспорттан құрлық додасы да бар.
30.04.2019
-
Теннисшілердің жаңа рейтингі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.
30.04.2019
-
Чехиялық футболшы жол апатынан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркиялық "Аланияспор" клубының автобусы жол апатына түсіп, салдарынан чехиялық жартылай қорғаушы Йосеф Шурал мерт болды. Тағы бірнеше спортшы жарақат алған. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
30.04.2019
-
Дзюдодан Бакуде өтетін турнирге қатысатын қазақстандық құрам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 мамыр күндері Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік "Grand Slam" кезеңі басталады.
30.04.2019
-
Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды.
29.04.2019
-
Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды.
29.04.2019
-
Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Қазақстан командасының жетекші спортшысы Дмитрий Баландин Халықаралық су спорты турлері федерациясының (FINA) Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысты.
29.04.2019