сот
-
Orda.kz және ҚазТАГ істері: Балаева министрлік ашық әрі әділ сотты талап ететінін айтты
Қазақстандағы бірқатар ақпарат құралдарына қатысты сот процестері қоғам назарын аударуда. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл жағдайларды, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты істерді ерекше бақылап отырғанын хабарлады. Бұл туралы министр Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Ақша талап етіп, 19 жастағы хоккейшіні өлтірген спортшы 3 жылға қамалды
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Андрей Лагуновқа қатысты Үржар–Семей аймақаралық сотының бұрынғы үкіміне өзгеріс енгізді. 19 жастағы хоккейшінің өліміне себеп болған спортшыға 3 жыл түрме жазасы кесілді. Жәбірленушілерге 20 млн теңге өтемақы өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Әскерге шақырылушыларды тексеруге артық ақша алған: Семей емханасы жауапқа тартылды
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Мобилизациялық даярлық және мобилизацияны қамтамасыз ету қызметінің Семей қаласындағы емханаға қарсы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Қабырғасы сынып, бүйрегі алынған: Науқасты аяусыз соққыға жыққан санитарға үкім шықты
Қостанайда айықтыру орталығында науқасты қатыгездікпен соққыға жыққан санитарға сот үкімі шығып, 4 жылға сотталды. Жәбірленушінің қабырғалары сынған, бүйрегі алынған. Оқиға шілде айының соңында Детоксикация орталығында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Жеке сот орындаушы 370 млн теңге мен Range Rover автокөлігін заңсыз иемденген
Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
81 млн теңге шығын: компьютерлік клубты қасақана өртеген ер адам сотталды
Жетісу облысы Панфилов ауданында ойын-сауық орталығын қасақана өртеген 25 жастағы азаматқа сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Айыптұрақтан із-түзсіз жоғалған көлік: сот күзет агенттігін кінәлі деп тапты
Тараз қаласында айыппұл тұрағынан жоғалып кеткен көлікке қатысты сот дауы аяқталды. Сот күзет агенттігін шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Жамбыл облысында үш баланы азаптаған өгей әке сотталды
Жамбыл облысында Талас аудандық соты кәмелетке толмаған үш баланы жүйелі түрде азаптаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.12.2025
-
Жасөспірімдерді жұлқылап, жәрдемақыға арналған 79 мың теңгені тартып алған әйел сотталды
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғын жасөспірімдерден әлеуметтік жәрдемақысын күшпен тартып алғаны үшін сотталды. Әйелге бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Ерекше балалардың ата-анасын қорлаған блогерге айыппұл салынды
2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
Тіс емханасындағы 3 жасар қыз өлімі: Сот отырысы жалғасып жатыр
Астана сотында жеке стоматологияда болған үш жасар қыздың өлімі бойынша іс жалғасып жатыр. Сот отырысында 25 қарашада болған қайғылы оқиғаның видеожазбасы көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Францияда жасөспірімдер террористік шабуылдар жоспарлады деген күдікке ілінген
Францияда екі кәмелетке толмаған бала тұтқындалды. Олар Израильмен байланысты нысандарға қарсы террористік шабуылдар жоспарлады деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
"Еуропада оқуға түсіремін": Астанада әйел ата-аналарды 152 млн теңгеге алдап түсірді
Астана тұрғыны білім беру қызметін көрсетемін деген желеумен 52 адамнан 152 млн теңге жинаған. Халықаралық сертификаттар мен оқу уәдесі жалған болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.12.2025
-
Жамбыл облысында әйелін ұрып-соққан азаматқа сот үкімі шықты
Жамбыл аудандық соты Қылмыстық кодекстің “Бірнеше рет ұрып-соғу” бабы бойынша сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.12.2025
-
Жетістіктерін көре алмаған: сыныптасын өлтірген 14 жастағы оқушы өмір бойына сотталды
Қытайда 14 жастағы жасөспірім сыныптасын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оқиға 2025 жылдың 8 сәуірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ City News Service басылымына сілтеме жасап.
29.11.2025
-
"Регламенттеріңізге түкірдім!" – Әйел қоғамдық тыңдауда айтқан сөзі үшін айыппұл төлейді
Рудный қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қоғамдық тыңдаудағы әрекетіне қатысты әйелге айыппұл салу туралы шешім шығарды. Бұл туралы іс қалалық мәслихат төрағасы Азамат Ысқақовтың полицияға жазған арызынан кейін қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2025
-
Шымкентте ер адам әйелін ұрып, жақ сүйегін сындырды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтірді деп айыпталған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.11.2025
-
Қырым көпіріндегі жарылыс: кінәлілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2022 жылы Ростовта Қырым көпіріндегі жарылысқа қатысқандардың соты аяқталды. Сегіз айыпталушының барлығы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
28.11.2025
-
Үйлену тойындағы дау: Келін сәлем салудан бас тартты
Келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Бұрынғы әкім 500 мың теңге үшін 3 жарым жылға сотталды
Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқыру фактісі үшін 3 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025