Шымкент
-
Түнгі уақытта жұмыс істеген тамақтану орны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантиндік шектеулерге қарамастан түнде жұмыс істеп тұрған қоғамдық тамақтану орнын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
06.01.2021
-
ҚХП өкілі Шымкенттің медицина қызметкерлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 желтоқсанда Шымкентте Қазақстан Халық партиясының мүшесі Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті.
30.12.2020
-
Шымкент: Денсаулық сақтау саласында инвестициялық бес жоба жүзеге асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
30.12.2020
-
Шавкат Рахмоновқа Шымкентте су жаңа көлік мінгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Әбу-Дабиде UFC лигасында дебютін сәтті өткізген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа отандастары автокөлік сыйлады.
29.12.2020
-
Шымкентте көлік ұрлаудың ерекше әдісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте бір адам 11 көлікті тек таңғы сағат 4-6 аралығында ұрлап отырған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
28.12.2020
-
Шымкенттегі 13 мектепте кадет сыныбы ашылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушыларға құқықтық білім беріп, әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қаладағы 13 мектеп жанынан кадет сыныбы ашылған. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы мәлімдеді.
25.12.2020
-
Шымкентте 6 нысанның жол-құрылыс жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 2020 жылы 261 нысан немесе 416,8 шақырым жол мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, оның 228 нысаны немесе 287,9 шақырым жол ағымдағы жылы пайдалануға берілген.
25.12.2020
-
Шымкентте байқаушыларға арналған семинарлар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы, бірлестік жанынан құрылған өңірлік байқаушылар штабының басшысы Серік Әуесханов айтып берді.
24.12.2020
-
Шымкентте тәулігіне 1000 шаршы метр травертин тасы өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында травертин өндіретін «Бесқұдық тас» зауыты индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында осы жылдың басында іске қосылған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
24.12.2020
-
Шымкентте 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында биыл 11 айда 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 17,9 млрд теңге бөлінген.
23.12.2020
-
Сәкен Майғазиев Шымкентке бастық болып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Танымал әнші, «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды.
23.12.2020
-
Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақшы болған күдікті 8 жылға сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше әлеуметтік желілерде Шымкенттегі үйлердің бірінің подъезінде 70 жастағы әйелге жасалған шабуылдың видеосы пайда болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, қазіргі кезде күдікті ұсталған.
21.12.2020
-
Шымкент қалалық ПД бастығы өмірден озған полицейдің отбасына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов ем қабылдау кезінде өмірден озған полиция қызметкерінің отбасына барды, деп хабарлайды Polisia.kz.
19.12.2020
-
Шымкентте шектеу шаралары ұзартылды
Алматы, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қала аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
17.12.2020
-
Шымкентте «Атамекен» медициналық орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Атамекен» медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
16.12.2020
-
Nur Otan партиясының өкілдері Шымкентке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін партияның өкілдері Шымкентке келіп, шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.
15.12.2020
-
Шымкент халық саны өсімі жөнінен Алматыны басып озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып, Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15.12.2020
-
Шымкенттің авиациялық базасы жас ұшқыштармен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы авиациялық базаcы жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас ұшқыш-түлектерімен толықты, деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.
11.12.2020
-
Шымкентте алдағы бес жылда 5 миллионнан астам ағаш көшеттері егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы әкімімен бекітілген іс-шараға сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында қала аумағында 5,46 млн түп ағаш көшеттер егіледі. Жалпы аумағы 16 979 га жер болса, отырғызылатын ағаш түрі – қара ағаш. Бұл жөнінде экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланған жиында табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Татыбаев мәлім етті.
11.12.2020
-
Шымкентте екі мыңға жуық азамат кәсіптік білім алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шымкент қаласында 2 мыңға жуық азамат 21 мамандық бойынша 32 білім беру ұйымында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
10.12.2020