Шымкент
-
Жаңа автобустарды шағым көп түсетін бағыттарға шығарамыз – Мұхтар Қоқанбаев
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкент қаласын дамыту үшін бірнеше бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Соның бірі – қоғамдық көлік саласы. Бұл салада қандай өзгерістер болатынын бұған дейін жазған едік. Сол жұмыстардың орындалу барысы қалай? Қазір Шымкенттің қоғамдық көлік қатынасын жаңарту-жақсарту мақсатында автобустарды қашан толықтай дерлік ауыстырады? Осы және тағы басқа сұрақтарымызға Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев жауап берді.
25.04.2021
-
Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
24.04.2021
-
Шымкентте денсаулық, білім беру саласында бәсеке жоғары екен – Меруерт Есембаева
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру аясында еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлерге тұрғындарды көшіруді насихаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Солтүстік өңірлердік әкімдік қызметкерлері оңтүстік өңірлерге, соның ішінде Шымкентке де келіп, жергілікті жұртшылықпен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын баяндады. Осы орайда Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімі басшысы Меруерт Есембаевамен сұхбаттасып, солтүстік өңірлерде қай сала мамандары тапшы, көшіп барушыларға қандай жағдай жасалатынын білдік.
24.04.2021
-
Шымкентте 90 жастағы қария КВИ-ге қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Абдурахманов өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды.
23.04.2021
-
Шымкентте жол жиегіндегі арықтан әйелдің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды. Полицейлердің жіті тексеруі нәтижесінде марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.
22.04.2021
-
Бізге әлеуетті, ноу-хау жобалар керек - Әйтенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде ұйымдастырылған жиында қазіргі инвестициялық ахуал, алдағы даму жоспарлары, шешілмеген түйінді мәселелер талқыланды.
18.04.2021
-
Дәрігерлер нәрестенің тыныс жолынан түйреуіш алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте үш айлық нәресте түйреуіш жұтып қойған. Қалалық балалар ауруханасының хирургтері шақалақтың тыныс алу жолындағы бөгде затты, ота жасап, алып шықты.
17.04.2021
-
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5885 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының қорытындысында айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
15.04.2021
-
Триатлоннан ел чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қазақстан триатлон федерациясының бастамасымен триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті.
13.04.2021
-
Шымкентте дін қызметкерлері вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов Ораза айының бірінші күні коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
13.04.2021
-
1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
13.04.2021
-
«Коронавируспен ауырмайын» деп вакцина салдырттым». Шымкенттегі вакцина егу пунктінен фоторепортаж
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Шымкентте коронавирусқа қарсы екпе жасайтын 37 пункт ашылған. Таңғы сағат 8:00-ден бастап кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері де адам қабылдайды. 11 сәуір, жексенбі күні Шымкенттегі №3 қалалық емханаға барып, екпе егу жұмысын көріп, коронавирус вакцинасын салдыруға келген, вакцина салдыртқан тұрғындармен сөйлестік.
12.04.2021
-
Шымкентке 30 000 доза вакцина жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кез-келген қала тұрғыны жергілікті тіркелген емханасына барып, ковидке қарсы вакцина алуына болады. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
09.04.2021
-
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 сәуір күні Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.
09.04.2021
-
Шымкентте 40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 2025 жылға дейін 40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестор есебінен салынып жатқан жекеменшік мектептердің құрылысымен танысты.
08.04.2021
-
Шымкентке үш облыстан әскерге шақырылушылар барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан жас буынмен толықты.
08.04.2021
-
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілген – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
08.04.2021
-
Шымкентте зергерлік цехтан алтын тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте зергерлік бұйымдар шығаратын цехта контрабандалық жолмен алынған алтын құйылған. Ал тұрғындар құқық қорғау органдарының бірнеше күн бойы зергерлік бұйым шығаратын цехтардың біріне тінту жүргізіп жатқанына наразы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құқық қорғау органдарының әрекеті заңсыз және ондаған отбасын табыссыз қалдырған, деп жазды aikyn.kz.
07.04.2021
-
Әйтенов: Заңсыздықтар орын алар болса, басшылар қатаң жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймасы мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
04.04.2021
-
Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан мен Шымкент құрамалары ойнамай жеңді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі ойын кестесі бойынша алаңға 6 жұп, яғни 12 команда ойнауы тиіс еді. Бұған дейін Қостанай облысы мен БҚО құрамасы және Алматы қаласы мен Алматы облысы құрамалары өзара мықтыны анықтады.
04.04.2021