Шығыс Қазақстан облысы
-
Түрме ауласына телефон лақтырмақ болған ШҚО тұрғыны ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына 3 ұялы телефон лақтырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
04.09.2021
-
ШҚО тауар өндірушілері Нұр-Сұлтанға 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
04.09.2021
-
Даниал Ахметовтің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жөніндегі орынбасары болып Нұржан Жұмаділов тағайындалды.
04.09.2021
-
ШҚО Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 225 тоннадан астам өнімін әкелмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері, яғни 4 және 5 қыркүйекте «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында Шығыс Қазақстан облысы агрономдарының қатысуымен кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
02.09.2021
-
Шығыста 30 мыңға жуық педагог вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 30 мыңға жуық педагог вакцина алды. Бұл туралы жаңа оқу жылына дайындық тақырыбында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды.
29.08.2021
-
ШҚО-дағы 220 елдімекенде мектеп жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылына дайындық тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті.
28.08.2021
-
Өскеменде «Тәуелсіздік» монументінің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтың ақсақалдарымен және ҚХА өкілдерімен бірге ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған монументалды кешенге барып, капсула салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды altaynews.kz.
28.08.2021
-
Ахметов: Мемлекеттік тапсырысты орындамайтын емханаларға қаржы берілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының бес, Семейдің сегіз медициналық мекемесі мемлекеттік тапсырыстың тіпті 50%-ын да орындамаған. Бұл туралы ШҚО басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
27.08.2021
-
Ұлттық Халық санағы елдің әлеуметтік жағдайын саралайды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл өтетін Ұлттық халық санағы аясында ел азаматтарына олардың экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайларына және тағы басқа жай-күйлеріне қатысты 91 сұрақ қойылатын болады.
27.08.2021
-
Ел бойынша вакцинация қарқыны ең жоғары аймақ – Шығыс Қазақстан облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов емханалардың бас дәрігерлерімен, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдерімен халыққа вакцина салу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
26.08.2021
-
Ахметов: Назарбаев әрқашан батыл бастамаларға қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
24.08.2021
-
Тәуелсіздік жылдары ШҚО-ның даму қарқыны қандай болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 жыл ішінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2,4 трлн теңгеге артты. 1991 жылы ол 27,9 млн теңгені құрады.
24.08.2021
-
ШҚО-да білім беру мекемелерінің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да білім беру мекемелерінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
24.08.2021
-
Вакцинация. ШҚО-да жалған құжат жасағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцинация паспортын жасап сатқан күдіктілер ұсталды.
23.08.2021
-
ШҚО мектептері дәстүрлі білім беру жүйесіне дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.
23.08.2021
-
ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты.
23.08.2021
-
Шығыс Қазақстанда орман өртке оранды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкпекті ауданының Мариногор ауылдық округінде өрт болды, деп хабарлады Алтайньюс.
22.08.2021
-
ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
21.08.2021
-
Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстанда шоғырланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі айтты. Ведомство басшысы саланың маңыздылығына тоқтала отырып, халық шаруашылығын дамытуда жер қойнауының үлесі зор екендігін алға тартты.
20.08.2021
-
ШҚО-да жол ережелерін бұзған 77 жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында 18-ші және 20-ші тамыз аралығында, әкімшілік айыппұлдарды уақытында орындау мақсатында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
19.08.2021