сауда
-
Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының 20 тауар өндірушісі өз өнімдерін қырғыз бизнесмендеріне ұсынды. ТЭМ шеңберінде қазақстандық өндірушілердің 100-ден астам қырғыз компанияларымен В2В келіссөздері өтті.
18.08.2021
-
Астанада сауда орындарында Egov цифрлық бұрыштары іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Egov цифрлық бұрыштары белсенді түрде енгізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін ХҚКО ғимаратынан тыс қосымша 10 бұрыш ашылды.
11.08.2021
-
Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте ретсіз сауда жүргізген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
07.08.2021
-
Қазақстан сұйытылған газдың электрондық сауда-саттығына толығымен көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұйытылған мұнай газын (СМГ) өткізу 2022 жылғы қаңтарда электрондық сауда-саттыққа толығымен көшеді деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
06.08.2021
-
Түркістанда тұрақтандыру қоры 327 тоннадан астам азық-түлік тауарын сатты
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемияның салдарынан көптеген кәсіпкер мен ел тұрғыны, жұмыс орны тұралап, зардап шегіп жатыр. Облыс жұртшылығын бір жағынан коронавирус індеті қыспаққа алып жатса, екінші жақтан қымбатшылықтың да алқымнан алып жатқаны жасырын емес. Бұл ретте аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанына аз-кем шолу жасай кетсек.
29.07.2021
-
Петропавлдағы ірі сауда орталығынан өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ірі сауда орталығы өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Хабар 24.
29.07.2021
-
Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанда - Сауда қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтады.
25.07.2021
-
Бақыт Сұлтанов: Орталық Азиядағы ең ірі серіктесіміз – Өзбекстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 4,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халықпен есеп беру кездесуі кезінде айтты.
13.07.2021
-
Сұлтанов Тәжікстанда қандай келісім жасап жүргенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанның өңірлерін екі күн араладық. Мен өзім және отандық бизнес өкілдерін Тәжікстанның облыстық, қалалық, аудандандық әкімдерімен және фермер-өндірушілерімен таныстырып, бақтарды, жүзім алқаптарын, егістіктерді, жылыжайла, қоймалар мен өнім сақтайтын тоңазытқыштарды қарап шықтық. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды.
26.06.2021
-
Сұлтанов Ресейге шекаралас аумақтарда өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Душанбеде өткен кездесуде Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетниковпен екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын тереңдету мәселесін талқылады.
23.06.2021
-
Электр энергиясы саудасы 30%-ға дейін артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артатынын айтты.
22.06.2021
-
Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады.
17.06.2021
-
Өзбекстан Қазақстанның бидайын сатып, пайда тауып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяев Өзбекстан Қазақстаннан астықты алып, басқаларға қымбатқа сата бастағанын айтты.
16.06.2021
-
Стратегиялық сауда бақылауының бірыңғай механизмі қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанынан Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Қазақстандағы стратегиялық сауда бақылауы саласының өзекті мәселелеріне арналған отырысында айтты.
09.06.2021
-
Павлодарда бағбандарға арналған қосымша павильондар ашылады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде саяжай өнімдерін саудалауға қатысты жыл сайын маусымдық мәселе туындайды. Ол - бағбандарға арналған сауда орындарының жетіспеушілігі.
07.06.2021
-
Сауда орталығында вакцина алғандарға сыйлықтар таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинацияланғандарға сыйлықтар таратылуда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
06.06.2021
-
Сауда орталықтарында вакцинацияланған азаматтар арасында жүлделер ойнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Asia Park СОО-дағы вакцинация пунктінде вакциналанғандарды қолдау үшін кәсіпкерлер түрлі сыйлықтар ойнатты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
04.06.2021
-
Алматыда вакцина алғандар тауар мен қызмет түрін жеңілдікпен ала алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бостандық ауданы әкімдігі мен «Атамекен» Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Бостандық аудандық филиалы, мамыр айының 25-нен бастап «QAMQOR» акциясын бастады.
25.05.2021
-
Қазақстан кәсіпкерлері енді Amazon-да сауда жасай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан кәсіпкерлері Amazon-да сауда жасау құқығына ие болғанын хабарлады.
24.05.2021
-
Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары әлі жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы сауда орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ұтыс ойын өткізіп жатыр.
22.05.2021