саммит
-
Әлемде: АҚШ үкіметі ашылуға жақын, Украинадағы жемқорлық дауы мен Үндістандағы жарылыс
Соңғы тәуліктегі әлем жаңалықтары: АҚШ үкіметінің ұзақ жабылуы аяқталуға жақын, Украинада ірі парақорлық схемасы ашылды, Делиде жарылыс болды, Бразилияда COP30 климат саммиті өтті, ал АҚШ саясаты халықаралық сын астында қалды. Әлемдегі ең өзекті саяси және қоғамдық оқиғалар – толық шолу BAQ.KZ сайтында.
11.11.2025
-
Трамп G20 саммитіне бойкот жариялады
АҚШ президенті алдағы екі аптадан кейін Йоханнесбургте өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитіне АҚШ делегациясы қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
08.11.2025
-
Трамп Оңтүстік Африкадағы G20 саммитіне бойкот жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне Америка үкіметінің өкілдері қатыспайтынын мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
08.11.2025
-
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйде тарихи кездесу ұйымдастырғаны үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, С5+1 форматындағы саммит шын мәнінде Орталық Азия мен Құрама Штаттар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашқанына назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
07.11.2025
-
Қазақстан Дохадағы әлемдік саммитте әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісін таныстырды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.11.2025
-
Астанада аритмияны емдеудің жаңа тәсілдері талқыланды
Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Орталық Азия аритмологиялық саммиті өтті. Бұл жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелеріне арналған маңызды өңірлік шара болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
02.11.2025
-
Қытай ЖИ бойынша Дүниежүзілік ұйым құруды ұсынды
Оңтүстік Кореяда өткен АТЭС саммитінің жабылу күнінде сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин бұған дейін АҚШ қабылдамаған жасанды интеллектіні (ЖИ) басқару жөніндегі орган құру идеясын тағы қайталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.11.2025
-
Тоқаев пен Тасмағамбетов ҰҚШҰ саммитіне дайындық барысын талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
31.10.2025
-
Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу үшін Корея Республикасына барды
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу және ресми сапармен бару мақсатында Бейжіңнен Корея Республикасына аттанды. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2025
-
Трамп Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесетін болды
АҚШ Президенті Дональд Трамп 30 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия саммиті шеңберінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
CAWS 2025: Қазақстан халықаралық логистикадағы позициясын нығайтып келеді
Орталық Азия ғаламдық сауда маршруттарының басты буынына айналуда. Жеткізу тізбектері қайта құрылымдалып жатқан тұста Қазақстан өңірлік логистикалық хаб ретіндегі орнын күшейтіп, Қытай, Еуропа және Таяу Шығыс бағыттарын байланыстыруда. Бұл үрдістер туралы 16 қазанда Алматыда өткен Central Asia Warehouse Summit (CAWS 2025) барысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.10.2025
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2025
-
Құрлықтың қауіпсіздігі ме, милитаризация ма? ЕО саммитінің басты шешімдері
Копенгагенде өткен Еуропалық Одақ саммитінде мүше елдердің басшылары Украинаға әскери қолдауды күшейту және Еуропаның қорғаныс әлеуетін арттыру бағытын растады.
05.10.2025
-
Kazenergy форумындағы мәселелерді талқылау Өңірлік климат саммитінде жалғасады
2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. XVI Еуразиялық Kazenergy форумында ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмад Саидмуродзода таза энергия көздерін дамыту тақырыптары Өңірлік климат саммитінде жалғасатынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
Қазақстандық делегация Гонконгтегі халықаралық саммитке қатысты
Гонконгте "Connecting the world into the Future" ("Әлемді болашаққа жалғау") тақырыбында II халықаралық жастарды дамыту саммиті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.09.2025
-
Әлемде: БҰҰ саммиті, Тайфун Рагаса, Индонезияда оқушылардың улануы мен білім саласындағы дағдарыс
АҚШ-тағы БҰҰ климат саммиті, Қытай мен Тайваньды жайлаған супер тайфун Рагаса, Жапониядағы қаржы нарығы толқыны және Индонезиядағы мектеп улануы – соңғы тәуліктегі ең өзекті әлем жаңалықтары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.09.2025
-
Қазақстан 2029 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салады – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) ұлттық деңгейдегі басым бағыттардың бірі ретінде белгілегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мақсаттар елдің мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік саясатына тікелей енгізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.09.2025
-
CAWS 2025: өрлеу кезеңі, көсбасшылар кезеңі
2025 жылғы 16 қазанда Ritz-Carlton Алматы қонақүйінде Орталық Азияның қойма жылжымайтын мүлік сегментіндегі маңызды және ауқымды іс-шара Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді. Іс-шара бағдарламасы толықтай дайын. Сіздерге 10 елден келген 30-дан астам спикердің бірегей құрамын таныстыруға дайынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.09.2025
-
Президент тапсырмасы: Мәжіліс төрағасы Араб-Ислам саммитіне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қатар астанасы Дохада өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты. Алқалы жиында Палата төрағасы сөз сөйлеп, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекеттің ұстанымдарын ортаға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.09.2025
-
Трамп G20 саммитін өзінің Флоридадағы курортында өткізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылы өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) саммиті Майами маңындағы өзіне тиесілі Trump National Doral курортында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
06.09.2025