қызылша
-
Павлодар облысында төрт жылда алғаш рет қызылшаның белгілері тіркелді
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде соңғы төрт жылда қызылшаның бірде бір оқиғасы тіркелмеген. Эпидемиологиялық маусымда ауру белгілері бар 78 оқиға тіркеліп, зертханалық тексерулер нәтижесінде 34 оқиға расталды. Дертке шалдыққандардың барлығы - балалар.
18.02.2019
-
Қазақстанда қызылшаға шалдыққандар саны 1700 жуықтады
Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда қызылшаға шалдығудың 1636 фактісі тіркелген. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
09.02.2019
-
СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 26 адамға жетті
СҚО, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққандар саны 26 адамға жетті. Тағы 52 тұрғын аталған дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуге алынды.
06.02.2019
-
Атырау облысында қызылша ауруы төмендеген
Астана, BAQ.KZ. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қызылша ауруының төмендеуін атап өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
02.02.2019
-
СҚО-да қызылшамен сырқаттанғандар саны артты
СҚО, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыста 36 адам қызылша ауруына шалдықты деген күдікпен тіркелген. Олардың 24-і - 14 жасқа дейінгі балалар, ал 12-сі - ересектер.
31.01.2019
-
Астанада қызылша ауруы өршіп тұр – ДСМ
Астана, baq.kz тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысында қызылша ауруы өршіп тұрғанын мәлімдеді.
15.01.2019