Қызылорда
-
Қызылордада жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-нің бас директоры Замир Сағыновпен кездесті. Басқосуда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бойынша мәселелер қозғалды.
28.10.2021
-
«Алтын дән-2021». Қызылордадағы аламанда алматылық жүйрік бас жүлде алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Алтын дән-2021» іс-шарасы аясында ұлттық ат спорты түрлерінен бәйге жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
23.10.2021
-
Қызылордада кәсіпкерлік қарқын алып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия шектеулеріне қарамастан Қызылорда өңірінде кәсіп ашуға ниетті азаматтардың қатары көбейіп, аймақ республика бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік бағытта жұмыспен қамтылған. Яғни өсім 9,1 пайызды құрап, аймақтар арасында ІІ орынға көтерілді.
21.10.2021
-
Пробация есебіндегі сотталғандар мерзімінен бұрын босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысыты емес жазаларға сотталағандардың қайталап қылмыс жасауының алдын-алу мақсатында жиын өтті.
20.10.2021
-
Әбдіқалықова екпе жүргізу процесін күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыс бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау мен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды саралады.
13.10.2021
-
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қариясын қадірлеген халықпыз. Жыл сайын қарттарға құрмет көрсетуді игі дәстүрге айналдырған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы мен ҚАЖ ардагерлері бүгінде қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады.
01.10.2021
-
Қызылордада қылмыстық топтың басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 2 мың 479 түп қарасора өсімдігін өсіріп, баптаған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазды aikyn.kz.
30.09.2021
-
7 үй тонаған 22 жастағы жігіт қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті қала аумағында орналасқан 7 үйді тонаған. Жұмыссыз жігіт үй иелерінің жұмыста болғанын пайдаланып, қымбат үлгідегі Айфон телефондарын, велосипед, алтын бұйымдарды, тұрмыстық техникаларды және үй иелеріне тиесілі ақшаларды қолды еткен. Ұрлаған дүниелерді сатып, алтындарды ломбардқа өткізген.
30.09.2021
-
Қызылорда-Жезқазған автожолы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда-Жезқазған жолының мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өңір басшысы өз парақшасында жазды.
24.09.2021
-
Қызылордада «Нұр» мешіті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алла үйінің ашылуына қатысып, жаңа мешіттің ел игілігіне берілуімен құттықтады.
24.09.2021
-
Әбдіқалықова жастармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңір жастарымен кездесіп, пікірлесе отырып ұсыныстарын тыңдады.
22.09.2021
-
Сыр өңірінде 10 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде 2021 жылы 17 954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, бұл көрсеткіш артығымен орындалып, 22 475 жаңа жұмыс орын құрылды. Оның ішінде 10 790 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты жазды.
18.09.2021
-
Көкпардан ҚР жастар чемпионатының жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысында өтіп жатқан 2000-2003 жылдары дүниеге келген жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды.
16.09.2021
-
Бүгін жастар чемпионатының финалдық ойындары өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Жастар чемпионаты өтіп жатыр.
16.09.2021
-
Аударспақтан жастар чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аударыспақтан Қызылорда облысында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты аяқталды.
14.09.2021
-
Қызылордада ірі есірткі алқабы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында үш ер адам 2,5 мыңға жуық қарасора өсіргені анықталды.
14.09.2021
-
Алматы және Қызылорда облыстарынан елордаға 850 тоннадан астам өнім әкелінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» сауда орталығының жанында Алматы және Қызылорда облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
09.09.2021
-
Сыр елінде жаңа су қойма салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын қайталанатын қуаңшылықтан құтылу мақсатында Қызылорда өңірінде су қоймасы салынатын болды.
05.09.2021
-
Қызылордада салығы төленбеген автокөлік тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 миллион теңгеден астам салықтық қарызы бар қызылордалық азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
03.09.2021
-
Қызылордада білім күні қарсаңында жаңа мектеп ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім күні қарсаңында Қызылорда қаласында «Ұлағат білім ордасы» жеке мектебінің салтанатты ашылуы болды. Аймақ басшысы ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
01.09.2021