Қазақстан
-
Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
Қазақстан азық-түлік тауарларының қолжетімділігі жөніндегі халықаралық рейтингте 146 елдің ішінде 21-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгеріледі. Былтыр ел 34-сатыда тұрған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz дерегіне сілтеме жасап.
16.10.2025
-
Вашингтонның қысымында қалған БРИКС пе? Қазақстандық сарапшылар Трамптың мәлімдемесіне баға берді
Казақстандық сарапшылар Дональд Трамптың БРИКС туралы мәлімдемесін бағалады. Олар Вашингтонның доллар үстемдігін сақтап қалуға тырысып, қаржы нарықтарына қысым көрсетіп отырғанын айтты. Сарапшылар БРИКС-тің ыдырамағанын және Қазақстанның мұндай риторикадан тыс екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
16.10.2025
-
Ауа райы құбылады: Қазақстанда тұман, қар және шаңды дауыл болады
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылады. Елдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Синоптиктер температураның төмендейтінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
“Бірегей мемлекет”: Шетелдік сарапшы Қазақстан туралы ойын айтты
Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік табысты дамып келеді. Қытай Халық үкіметінің Сыртқы байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Сяо Евэнь Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастыққа жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
Қазақстандық колледжде жасанды интеллект зертханасы ашылады
Қазақстандық колледждер мен Қытайдың Zhejiang College of Security Technology оқу орны маңызды стратегиялық кездесу өткізді. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жасанды интеллект (AI) зертханаларын ашу және жаңа "Жасанды интеллект" мамандығын енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.10.2025
-
Базалық мөлшерлеме көтерілді: Қазақстандағы депозиттер мен несиелерге не болады?
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін өсіргеннен кейін елдің қаржы жүйесі жаңа кезеңге өтті. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім бір жағынан салымшылар үшін тиімді болса, екінші жағынан, ипотека нарығын суытып, экономикалық белсенділікті бәсеңдетуі мүмкін. Ақшаны банкте сақтау қаншалықты тиімді және теңге бағамына бұл қалай әсер етеді? Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
14.10.2025
-
Алғаш рет мәжбүрлі неке бойынша істер қозғалды – жәбірленушілердің екеуі кәмелетке толмаған
Қазақстанда алғаш рет неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Енді әйелді немесе кәмелетке толмағанды еркінен тыс некеге итермелеген адам айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
Ипотеканың соңы: Қазақстанда тұрғын үй алу мүмкіндіктері азаяды – сарапшы
Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламалары сыйақы мөлшерлемелеріне қойылған шектеулерге байланысты қазақстандықтар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Соның салдарынан тұрғын үй алу тек жеңілдетілген бағдарламалар арқылы ғана мүмкін болмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
Егін науқаны аяқталуға жақын: Қазақстанда 24,6 млн тонна астық жиналды
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
13.10.2025
-
Медтуризм форумы: Қазақстан санаторийлеріне жылына жарты миллионға жуық адам келеді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.10.2025
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Швейцария сенімді серіктесіміз
Мемлекет басшысы "Швейцария – Қазақстан" парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
13.10.2025
-
Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк көліктерінің ұзынсонар кезегі пайда болды
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы “Нұр Жолы” өткізу пунктінде жүк көліктерінің ұзынсонар кезегі пайда болды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жағдайдың негізгі себебі – тасымалдаушыларда шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің жетіспеуі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.10.2025
-
Брюссельде "жасыл" энергетика саласындағы жаңа келісімдерге қол қойылды
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен "Global Gateway" форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Алматы облысында атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты өтеді
17–19 қазан аралығында Алматы облысында орналасқан "Almaty Horse & Polo Club" базасында атпен мәнерлеп жүру (выездка) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2025
-
Қазақстан мен Ресей мәдени ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова төрағалық етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Лихтенштейн командасын сенімді түрде ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
Қазақстанда аңшылық ережесі жаңарды: қандай бағалы жануарларды атуға рұқсат берілді?
Қазақстанда аңшылыққа рұқсат етілген жануарлар тізімі жаңартылды. Министрлік жаңа бұйрықпен 35 сүтқоректі мен 59 құс түрін енгізіп, су жануарларын тізімнен алып тастады. Өзгеріс 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
Қазақстан футбол құрамасын кім басқаруы керек? Отандық па, әлде шетелдік маман ба?
Депутат Магеррам Магеррамовтың пікірінше, Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасын отандық жаттықтырушы басқаруы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
Қазақстандағы баспана нарығы: Бағалар қанша және қай өңірде сатып алу тиімді
2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда 41 мыңнан астам баспана сатылды. Елімізде тұрғын үй бағасы мен жалдау ақысы өсті. Ең қымбат жаңа үйлер Павлодар мен Астанада, жалдау ақысы Ақтөбеде рекорд жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025