Қазақстан
-
Қытайға қанша мұнай экспортталғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Қытайға 12 миллион тонна мұнай экспортталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев айтты.
16.02.2021
-
Ашаршылық тақырыбына қатысты арнайы ұсыныстар қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстелдің қатысушылары арнайы ұсыным қабылдады.
16.02.2021
-
Тарихшы: Ашаршылық мифтерге толы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл ашаршылыққа қатысты мәселелерді саясиландырудың қажеті жоқ деген пікірде.
16.02.2021
-
Қазақстан «Спутник V» вакцинасын ресми тіркеуге алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Сараптама комиссиясы Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қауіпсіз, сапасы мен тиімділігі жоғары деген қорытынды шығарды. Яғни, Қазақстан ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеген 27 ел.
16.02.2021
-
Қазақстан мен Малайзия ғылым саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Малайзиядағы Елшілігінің көмегімен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Малайзияның мұнай-газ саласындағы жетекші жоғары оқу орны болып табылатын «Petronas» технологиялық университеті арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың онлайн-рәсімі ұйымдастырылды.
15.02.2021
-
Елімізде мүгедектегі бар жандарға 25 млрд теңге жәрдемақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
15.02.2021
-
Шерзод Хаширбаев фристайл-акробатикадан АҚШ-тағы турнирде алтын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Шерзод Хаширбаев Солтүстік Америка кубогінде жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.
15.02.2021
-
Қазақстан Люксембург сотында Стати ісіне қатысты шешімнің күшін жоюға қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Люксембургтің кассациялық сотында Стати ісі бойынша төрелік шешімді тану туралы шешімнің күшін жоюға қол жеткізді.
15.02.2021
-
Қазақстандық теннисшілер Бублик пен Голубев жұптық сында сүрінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Мельбурндегі Australian Open турнирін түгел аяқтады. Біздің команда мүшелері үшінші айналымнан аса алған жоқ. Ең соңғы болып жұптық сындағы Голубев-Бублик жұбы ұтылды деп жазды Olympic.kz.
14.02.2021
-
Қазақстан – татулық пен достық мекені
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық Достық үйінің мәжіліс залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Шараға құрылым басшылары қатысты.
13.02.2021
-
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан халқының саны бір жылда 245 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
13.02.2021
-
Шымкентте пара дзюдодан Қазақстан Кубогы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында пара дзюдодан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Додаға еліміздің 12 облысы мен 2 қаласынан келген спортшылар қатысты.
12.02.2021
-
Қазақстан Ресейде өндірілген вакцинаны әкелуге рұқсат етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясында өндірілген вакцинаның алғашқы партиясын елге әкелуге рұқсат етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
12.02.2021
-
Қазақстан коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны сатып алуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19 қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты.
12.02.2021
-
Қазақстанда 2040 жылға дейін су тапшылығы 50%-ға жетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында су ресурстары саласындағы жұмыстар туралы баяндап берді.
12.02.2021
-
Қазақстанның сыртқы қарызы 160,9 млрд доллар. Оның қаншасы үкіметтікі?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Экономист, GSB бизнес талдау орталығының директоры Мақсат Халықтың Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты сараптамасы өзінің youtube каналында жарияланды.
12.02.2021
-
Сара Назарбаева 80 жаста
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 12 ақпанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, 28 жыл бойы еліміздің бірінші ханымы болған Сара Алпысқызы 80 жасқа толып отыр.
12.02.2021
-
Биыл Украина қазақтарының құрылтайы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның әртүрлі аймақтарын ұсынатын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
12.02.2021
-
Қазақстандық машина жасаушылар металл өнімдері қымбаттағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Қазақстанда металл өнімдері бағасының өскенін мәлімдеді.
11.02.2021
-
Еліміздегі маңызды автожолдарда 350-ден астам камера орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камераларын орнату жалғасуда. Бұл ақылы жолдарда ақы өндіру жүйесін орнату бойынша инвестициялық жобаның аясында қарастырылған.
11.02.2021