Қарулы күштер
-
Қарулы Күштердің әскери бөліміне Бауыржан Момышұлының есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің директивасымен 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың есімі, 5-ші механикаландырылған бригадаға Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы полковник Бауыржан Момышұлының есімі берілді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
02.10.2021
-
Тоқаев Қарулы Күштерді құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті.
25.09.2021
-
Мәжілісте ТМД мемлекеттерінің қарулы күштеріне қатысты заң жобасы мақұлданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.
22.09.2021
-
Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қыркүйектің басынан бастап өтіп жатқан кенеттен тексеру шеңберінде әскерлер Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
19.09.2021
-
Шетелдік сарапшылар Қазақстан әскерінің әлеуетін жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері полковник Сейлжан Мейрманов «АрХО-2021» сайыстарының қорытындысы туралы айтты.
11.09.2021
-
Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
07.09.2021
-
Қарулы Күштер Тоқаевтың Жолдауын іске асыруға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов аппараттық кеңес барысында Қарулы Күштерде Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
06.09.2021
-
АрХО-2021. Қазақстан танкистері үшінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» конкурсы аяқталды. Ел әскерінің намысын қорғаған команда үшінші орын иеленді.
05.09.2021
-
АрХО-2021. Қазақстан әскерилері екі конкурстың жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Еліміздің әскери қызметшілері ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» және минаатқыш есептоптарының «Артиллериядан оқ ату шеберлері» жарыстарында бұлтарыссыз жеңіске жетті.
03.09.2021
-
Қарулы Күштерде әскерлерді қауырт тексеру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ 2020 жылғы қарашада Қорғаныс министрлігінің алқасында белгіленген тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл бойынша көтерілді.
03.09.2021
-
Күзгі әскерге шақыру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап әскерге шақыру науқаны басталды. Ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының қатарын 18-27 жас аралығындағы он жеті мыңға жуық жас азамат толықтырады.
01.09.2021
-
Руслан Олжабаев. Қазақстандағы әскери техника өндірісі. Ұрыста дрон ештеңені шешпеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі қорғаныс саласының әлеуеті, Қарулы күштеріміздегі техниканың жай күйі жайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Руслан Олжабаевпен әңгімелескен едік.
24.08.2021
-
Қарулы Күштер құрамасы «Аттар марафоны» конкурсына дайындықты бастап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің әскери қызметшілері Тывадағы «Қара-Хаак» таулы полигонындағы жаттығуларын бастады. Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін «Аттар марафоны» байқауы 22-29 тамыз аралығында өтеді.
21.08.2021
-
АрХО-2021. «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына қатысушылар жеребе тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армиялық халықаралық ойындары аясында 40-шы «Отар» әскери базасының аумағында өткізілетін «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына қатысушылар арасында жеребе тастау рәсімі өтті.
20.08.2021
-
Қарулы Күштерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі жұмысын аяқтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
31.07.2021
-
Қарулы Күштерде вакцинация қалай жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әскери дәрігерлер жеке құрамға екпе салу шараларын өткізіп, азаматтық ұйымдардағы әріптестеріне көмектесіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Әлбек Манабаев айтып берді.
25.07.2021
-
Елімізде тағы бір әскери мереке алғаш рет аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз алғаш рет Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери нышандар күнін атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
18.07.2021
-
Елімізде алғаш рет тағы бір әскери мереке аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командалық пункттері мен басқару пункттері мамандарының күні.
15.07.2021
-
Қарулы Күштерде вакцина алғандардың саны 100%-ға жақындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аппараттық кеңесте Бас әскери-медициналық басқарма бастығы жеке құрамның шамамен 90%-і екпенің екі компонентін, ал барлығы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың 98%-тен астамы вакцина алғаны туралы баяндады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
13.07.2021
-
Қазақстан мен Үндістанның Қарулы Күштері білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов пен Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас штабының бастығы генерал М. Нараване телефон арқылы сөйлесті.
01.07.2021