Президент
-
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
01.12.2022
-
Тоқаев Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесті
Мемлекет басшысы Францияға жасаған ресми сапары аясында Франция Республикасының Сенатына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
30.11.2022
-
Литвада Қазақстандағы президенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Литваның сарапшыларымен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау нәтижелері және саяси реформалардың жүзеге асырылуы талқыланды.
Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және экономикалық өзгерістерге ұйытқы болған ағымдағы жылғы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Литва тарапының назарына еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар хронологиясы, атап айтқанда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумның өткізілуі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бастамалары, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін алты маңызды заңның қабылдануы ұсынылды.
В.Темірбаевтың пікірінше, маусымдағы референдумнан кейін жаңа мандат алу және реформалар қарқынын сақтау үшін қажетті кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу жедел және терең трансформацияның қисынды жалғасы болды.
Литвадан келген байқаушылар тобының мүшесі, Сеймнің Экономикалық комитетінің төрағасы Казис Старкевичюс дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, ол халықаралық стандарттарға сәйкес, ашық және еркін сайлау қағидаттарына сай өтті. Литвалық депутат Қазақстандағы дауыс беруді дайындау мен өткізу процесінің өзі бірнеше рет байқаушы ретінде қатысқан Еуропа елдеріндегі сайлаумен ұқсастығын атап өтті.
29.11.2022
-
Президент сапары: Саясаттанушы кездесуде не талқыланатынына болжам жасады
Президент алғашқы сапарын неге Ресейден бастайды? Екі ел арасындағы қандай мәселелер талқыланады? Ресейлік саясаттанушылардың даулы мәлімдемелері туралы айтыла ма? Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевадан сұрап көрдік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2022
-
Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады
Cалтанатты ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
26.11.2022
-
Астанада Президентті ұлықтау рәсімі басталды
Астанада жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2022
-
Зарема Шәукенова: Сайлаушылар белсенді әрі талапшыл бола бастады
Бүгінгі таңда адамдар алдағы жеті жыл Қазақстан тарихында үздік бола алады деген үлкен үмітпен өмір сүріп келеді. Әр қазақстандықтың жүрегінде Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жаңғырды.
23.11.2022
-
#Желмая. Президент сайлауы қалай өтті, Алматы неге белсенді емес, байқаушылар қандай баға беріп жатыр?
Желмая жобасының бүгінгі қонағы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова.
23.11.2022
-
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.11.2022
-
Президентті ұлықтау рәсімі өтетін күн белгіленді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.11.2022
-
ОСК сайлаудың ресми қорытындысын жариялады
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.11.2022
-
Жигули Дайрабаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевқа халықтың 3,33 пайызы дауыс берді. Бұл «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген экзитполдың алғашқы деректері, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.11.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық штабқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта Exit poll-дың қорытындысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ штабқа сілтеме жасап.
21.11.2022
-
«Социс-А» институты жүргізген Exit poll нәтижесі шықты
«Социс-А» институты жүргізген Exit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 82,02 % дауыспен жеңіске жетті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
21.11.2022
-
Әшімбев Мемлекет басшысын жеңісімен құттықтады
Жаңа ғана Президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 82,45 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды, деп жазады BAQ.KZ.
21.11.2022
-
Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген - Қоғамдық саясат институты
Еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.11.2022
-
Алғашқы Exit poll нәтижесі жарияланды
Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс бергендердің 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
21.11.2022
-
Биылғы сайлауда байқаушылар арасында бәсекелестік көрген жоқпын – төрайым учаске жұмысын қорытындылады
Астана қаласындағы №379 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнар Садықова бұрынғы сайлаулардан биылғының айырмашылығын атап, дауыс беру нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.11.2022
-
Ел бойынша дауыс беру тоқтатылды
Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.11.2022
-
Сайлау учаскесі: Дауыс беруге сайлаушылардың 53 пайызы келді
Астана қаласындағы №379 сайлау учаскесінде тіркелген 1775 сайлаушының 934-і дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.11.2022