полицей
-
Түркістан облысының полицейлері ағайынды ұрыларды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз азамат үйіне ұрлыққа түсіп, жатын бөлмеде тұрған түрлі алтын бұйымдары мен 11 000 АҚШ доллары салынған сейфін ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 10 000 000 теңгеден асады.
12.07.2021
-
Полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық полицейлер көпірден секірмекші болған қызды өлім аузынан аман алып қалды. Тәртіп сақшылары оны соңғы минутта қайғылы жағдайдан құтқарды.
11.07.2021
-
Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам полицейлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
09.07.2021
-
Нұр-Сұлтанда полицейлер «жалдамалы кісі өлтірушіні» ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала маңайындағы ауылдың тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, өзінің қонақ үйде екенін және қолында гранатасы бар жалдамалы кісі өлтіруші екенін мәлімдеген, деп хабарлайды елордалық ПД-нің баспасөз қызметі.
01.07.2021
-
Түркістан полицейлері 1,2 млн теңгенің тұрмыстық техникаларын жымқырған күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің тұрмыстық техникалар сататын дүкеніне белгісіз біреулер түнгі уақытта кіріп, 3 тоңазытқыш және 5 кір жуғыш машинасын жымқырып кеткенін көрсеткен деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
29.06.2021
-
Түркістан облысында жоғалған 11-сынып оқушысы Шымкенттен табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің арызында, кәмелет жасына толмаған 11-сыныпта оқитын ұлы отбасылық кикілжіңнен кейін үйден шығып кетіп, ұшты-күйлі жоқ болғанын хабарлаған. Сол кезден бері ұялы телефоны өшіріліп, хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді.
29.06.2021
-
Жәбір көрген әйелдер полицияның қолынан ештеңе келмейді деп ойлайды – подполковник
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова «Желмая» жобасы барысында айтты.
29.06.2021
-
СҚО полицейлері ресейлікке туысын табуға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері ресейлікке туысын табуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
27.06.2021
-
Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған ескерткіш ашылды.
26.06.2021
-
Алмас Әмзеев: Қазақстан полицейлері қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 23 маусым – Полиция күні. Атаулы мерекеге орай, Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеевпен шымкенттік полицейлердің қызметтегі жетістіктері жайында әңгімелестік.
23.06.2021
-
Германияда ғимаратты заңсыз иеленгендермен қақтығыстан 60 полицей зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия астанасында полицейлер бір ғимаратты заңсыз иеленген тұрғындармен қақтығысып, 60 тәртіп сақшысы жапа шекті. Оқиға Берлиннің шығысындағы Фридрихсхайн ауданында болды.
18.06.2021
-
Маңғыстаулық полицейлер заңсыз сақталған 40 қаруды тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы аумағында 17 мамыр мен 17 маусым күндері аралығында «Қару-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
17.06.2021
-
СҚО полицейлері белгіленбеген жерде суға түсудің 25 жағдайын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері белгіленбеген жерде суға түсудің 25 жағдайын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
15.06.2021
-
Шу ауданында полиция қызметкерін пышақтап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Polisia.kz.
10.06.2021
-
Петропавлдық полицей екі адамды құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдық полицей суға батып бара жатқан екі адамды құтқарып қалған. Бұл жайында облыстық Полиция департаменті басшылығына келіп түскен алғыстан белгілі болды.
09.06.2021
-
Шымкенттік полицейге Антикордың жалған қызметтік куәлігін көрсеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Полицияның бейнежетонына жол ережесін бұзған жүргізушінің күзетшілерге жалған қызметтік куәлікті ұсынған сәтін жазылып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
05.06.2021
-
ШҚО полицейлері жарты тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы басталды.
02.06.2021
-
«Қару 2021»: Түркістандық полицейлер сегіз күнде 36 дана қару алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық полицейлер сегіз күнде 36 дана қару алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
29.05.2021
-
Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт баланы тауып, ата-анасына тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек екенін айтады. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 7, 5, 4 жастағы ұл балалары таңертеңгі уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін балалады таба алмай қалады. Анасы өзі ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұрайды.
28.05.2021
-
Полицейлер мектептердің қауіпсіздігін тексерді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің полицейлері облыстағы мектептер мен колледждердің қауіпсіздігін тексерді.
24.05.2021