пікір
-
Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ҚР Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтармен телефонмен әңгімелесу барысында Ауғанстаннан келетін босқындарды паналату процесін талқылады деген ақпарат тараған еді.
15.08.2021
-
Боксшыларымыз сәтсіз өнер көрсетті – Бақтияр Артаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев айтты. Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті қателіктермен жұмыс істейтін уақыт келгендігін алға тартты.
13.08.2021
-
Дәурен Абаев ұлтшылдықты жоққа шығарып, сынаған жоқ – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері әлеуметтік желіде әріптесім әрі жолдасым Дәурен Абаевтың мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Мен Дәурен Әскербекұлымен біраз жыл қызметтес болдым. Біз Президент Әкімшілігіне дейін де ақпарат саласында бірге жұмыс істедік. Оның мемлекетшіл әрі ұлттық мүддеге берік азамат екенін жақсы білемін. Сондықтан, айтылып жатқан мәселеге бей-жай қарамай, оған өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім деп жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-парақшасында.
13.08.2021
-
Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялануына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында айтты. Ол сұхбат барысында айдың басында Мемлекет басшысының Жамбыл облысының әкіміне берген сөгісі туралы пікір білдірді.
12.08.2021
-
Президент: Еліміздің спорттағы әлеуеті мен оны дамытуға бөлінген қаржы сәйкес келмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-парақшасында Олимпиада ойындарына қатысқан спортшыларымызға алғыс білдірді.
09.08.2021
-
Имам антиваксерлерге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов тележүргізуші Динара Сатжанға Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде берген сұхбаты барысында айтты. Белгілі діндар антиваксерлерге қатысты пікірін ортаға салды.
09.08.2021
-
Токио-2020: Елена Рыбакинаға психологиялық жағынан тәжірибе жетіспеді – Елсияр Қанағатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлім етті.
06.08.2021
-
Токио-2020: Жарыстан соң бапкерлерге «неге бұлай болды» деген сұрақ қоямыз – Серік Сәпиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында өткен онлайн кездесуде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.
03.08.2021
-
«Жалған екпе құжатын сатып аламын»: актер көптен кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актер Асқар Ілиясов жалған екпе төлқұжаты туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды zakon.kz.
02.08.2021
-
Токио-2020: Олимпиаданың маңыздылығын сезінбеу керек еді – Гюзель Манюрова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлім етті.
02.08.2021
-
Токио-2020: Спорттық мансабымда жасаған ең үлкен «құрбандығым» отбасым болды – Ольга Рыпакова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Сондай-ақ спортшы басшылық қызмет ұсынса, не істейтіндігі туралы айтты.
30.07.2021
-
Токио-2020: Ольга Рыпакова Олимпиадаға спортшы ретінде соңғы рет қатысып отырғанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Сондай-ақ алдағы уақыттағы спортқа қатысты жоспарымен бөлісті.
30.07.2021
-
Үлкен жауапкершілікті көтере алмады: Ибраимов Абылайхан Жүсіповтің өнеріне баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары, АИБА Халықаралық Федерациясы комиссиясының мүшесі Ермахан Ибраимов айтты.
29.07.2021
-
Токио-2020: Қарсыластың өз жерінде ойнағаны әсер етті – Ярослава Шведова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Токио Олимпиадасындағы аралас жұптық сында Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық қарсыластарына есе жіберді. Осы орайда, Шведова Токиодағы сәтсіздіктің себебін түсіндірді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
29.07.2021
-
Расул Жұмалы: Халықтың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту тұрғысынан бүгін тарихқа енетін күн болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформалар кезекті нәтижемен толықты. Бүгін Қазақстан бойынша 730 елді мекеннің әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлады. Шарада 2297 үміткер, оның ішінде 1419 өзін-өзі ұсынғандар бағын сынады. Демек, орташа есеппен бір орынға үш адамнан келгені сайлау бәсекелестік ахуалда өткенін білдіреді. Бұл туралы саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook-парақшасында жазды.
25.07.2021
-
Тәуелсіздік жылдары халық бірінші рет ауыл әкімдерін сайлауға қол жеткізді – Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде ауыл әкімдерін сайлау басталды. Осынау саяси науқанға байланысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікірін білдірді.
25.07.2021
-
Діннен ілік іздеудің қажеті жоқ – теолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабайда Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Толибуль Ильм» атты семинар өтті.
09.07.2021
-
СҚО әкімі қоныс аударушыларға берілген үйдің сапасына қатысты пікір айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
03.07.2021
-
Жарты жолда тастап кете алмаймыз: Сағынтаев LRT құрылысы туралы пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада LRT құрылысы бастала ма деген сауалға жауап берді.
25.06.2021
-
Үндістандық штамға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше үндістандық штамның алдын ала расталуына байланысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікірін білдірді.
23.06.2021