пәтер
-
Қарағандыда «Нұрлы жер» аясында биыл 4300 пәтер пайдаланылуға берілмек
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында іске асырылатын «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Қарағанды өңірінде бірқатар шаралар атқарылуда. Үстіміздегі жылы бағдарлама аясында 420 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмек.
17.06.2019
-
Шымкентте медицина қызметкерлеріне пәтер берілді
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 7 медицина қызметкеріне пәтер берілді. Тағы екі дәрігер қызметтік баспана алды. Бұдан бөлек елуден астам шымкенттік медицина қызметкерлері түрлі марапаттауларға ие болды.
16.06.2019
-
Ақтөбеде медицина қызметкерлері баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен жас мамандар қатысты.
14.06.2019
-
ШҚО. Алтай қаласының көпбалалы отбасылары баспаналы болды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін жұмыс сапарымен Алтай қаласына барған облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
08.06.2019
-
Кәсіпкер елордалық көпбалалы отбасыға үй сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Iron Plast Group» компаниясы «Менің Атамекенім» жобасының шеңберінде алты бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға 4 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.
07.06.2019
-
Қазалы ауданында тұрмысы төмен 5 отбасыға пәтер берілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға баспананың кілті берілді.
06.06.2019
-
Ақадырда 11 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту ісі жалғасын табуда. Шет ауданына қарасты Ақадыр елді мекенінде 11 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлауда.
06.06.2019
-
Көкшетауда көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында көпбалалы, толық емес, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 70 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды.
04.06.2019
-
Қазақстанда 1356 көпбалалы отбасы жалдамалы тұрғын үй кілтін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тек мамыр айында ғана барлық қаржы көздері есебінен бүкіл еліміз бойынша 1356 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс министрліктің тұрақты бақылауында, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
04.06.2019
-
9 пәтерді заңсыз рәсімдеген лауазымды тұлғалар сот алдында жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа тұрғын үйлердегі мемлекет меншігіне өтуі тиіс пәтерлерді иемденді деген күдікпен Петропавл қаласының лауазымдық тұлғалары сот алдында жауап берді.
03.06.2019
-
Екібастұзға қоныс аударған көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nurly Ertis» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көпбалалы отбасы көшіп келді.Сенбі, 1 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордалық тіркеуін өзгертуге шешім қабылдаған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.06.2019
-
Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгін қарағандылық 86 көпбалалы отбасы пәтер кілттеріне ие болып, қоныс тойын тойлауда.
30.05.2019
-
Қостанайда 99 отбасы пәтер кілтіне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан Ипотекалық Компаниясы кезекте тұрғандарға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Сатып алу мүмкіндігімен жалға беру» бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
30.05.2019
-
Бүгін Семейде көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы 45 отбасыға пәтер кілттерін табыстады.
29.05.2019
-
Түркістан облысының түлектері көпбалалы анаға пәтер сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында көпбалалы аналарға деген құрмет пен қолдау күшейе түсті. Төлеби ауданының түлектері рамазан айында көпбалалы анаға баспана әперді. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
27.05.2019
-
Алматыда көпбалалы аналар пәтер кілтін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында көпбалалы аналар баспаналы болды.
17.05.2019
-
Семейде мектеп ұжымы ата-ана қамқорынсыз қалған бойжеткенге пәтер сыйлады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-анасының қамқорынан ерте айырылған аягөздік бойжеткенге пәтер кілтін сыйлады.
15.05.2019
-
Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биылғы жылы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үй салынып, екінші нарықтан 204 пәтер сатып алынады. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
13.05.2019
-
Семейде жабық пәтерден 5 бала құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдің құтқарушылары жабық пәтерден 5 баланы құтқарды. Ең кішісі 2018 жылы туған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
13.05.2019
-
Алматылық 40 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Панфилов ауданында жалға берілетін 40 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп жазды 7-su.kz.
08.05.2019