өрт
-
Түркияда орман өртіне байланысты туристер қонақүйлерден эвакуацияланды
Түркияның Анталия провинциясына қарасты Белек курорттық қаласында 19 қыркүйекте шыққан орман өртіне байланысты туристерді қонақүйлерден эвакуациялау басталды. Бұл туралы Antalya Hakkında порталы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.09.2025
-
Талдықорғанда жүк көлігі қоршауға соғылып, газ құбырын зақымдады
Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады.
19.09.2025
-
Алматы облысындағы полигондағы өртті бесінші тәулік сөндіріп жатыр
Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
19.09.2025
-
Солтүстік Қазақстан облысында өрт болған жерден үш адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында үш адамның жұмбақ өлімінің себебі анықталуда. Өрт орнынан әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды. Тек марқұм әйелдің қызы ғана қашып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Қоқыс полигонындағы өрт: Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді
Алатау қаласында қоқыс полигонында шыққан ірі өртке байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді. Өртті сөндіру төртінші күн жалғасып жатыр, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт ауа сапасына қалай әсер етті
Алматы облысының әкімдігі тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде жүргізілген ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
-
Астанадағы кафеде болған өрт: тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады
Астанадағы KaRima кафесінде өрт шығып, көпқабатты тұрғын үйге тараған еді. Тілсіз жаудан сегіз пәтер зардап шеккен. Тұрғындар уақытша қаланың қонақүйлеріне орналастырылып, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
18.09.2025
-
Астанадағы кафеден шыққан өрт сегіз қабатты тұрғын үйге тарады
Бүгін түнде Астанадағы кафелердің бірінде өрт шығып, жалын сегіз қабатты тұрғын үйдің қасбетіне тарады. Оқиғаның видеосы әуелі әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.09.2025
-
СҚО-да өртенген тұрғын үйден үш адамның денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден үш адамның денесі табылды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.09.2025
-
Алматы-Қонаев тас жолындағы өрттен кейінгі ауа сапасы тексерілді
Алматы–Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17.09.2025
-
Қуаттауға қойған телефоннан өрт шықты
Петропавлда тоқта тұрған зарядтау құрылғысы өртеніп, мүгедек азамат ауыр күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
"Терезелерді жабыңыз": Алматы облысында мамандар түтінге байланысты ескерту жасады
Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
17.09.2025
-
Алматы облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен кеше кешке Алматы облысындағы өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев барды.
17.09.2025
-
Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды
Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 43 адамды эвакуациялады.
17.09.2025
-
Алматы облысында жүргізуші өз көлігінде жанып кетті
Алматы облысында жеңіл автокөлік алда кетіп бара жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, өртеніп кетті. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025
-
Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отыр
Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары қала жанындағы бірнеше күннен бері өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып жатқанын айтып, жергілікті билік өкілдеріне шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
16.09.2025
-
Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді
Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
15.09.2025
-
Шымкентте жеңіл көлік өртеніп, бір адам ауруханаға түсті
Шымкент қаласында құтқарушылар жол бойында өртенген автокөлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
14.09.2025
-
Шымкентте мешіт өртенді
Құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.09.2025
-
Непалда Hilton қонақ үйі өртенді
Катмандуда наразылық білдірушілер Hilton қонақ үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.09.2025