науқас
-
Қазір әлемде 425 млн адам диабетке шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диабетті ерте анықтауға арналған NOMAD - Ұлттық скринингтік бағдарламасының нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда ересектердің 38%-ы диабет алдында тұрса, 8,2%-і диабетке шалдыққан. Бұл туралы «Аман-саулық» қоғамдық қорының баспасөз қызметі мәлім етті.
19.07.2019
-
Алматылықтар отадан кейін ауруханада жатпай емделетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді гинекология, урология және офтальмология саласы бойынша ауруханаға жатпай-ақ ота жасатуға болады. Отадан кейін ес жиғанша ғана ауруханада жатып, сосын үйіне шығарылатын науқастар учаскелік дәрігердің бақылауында болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
03.07.2019
-
АҚШ-та дәрігер 25 науқастың өліміне кінәлі деп айыпталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уильям Хьюзель науқастарға ауырсындырмайтын дәрі-дәрмектің өмірге қауіп төндіретін мөлшерін енгізген. Оның қорғаушысының айтуынша, дәрігер осылайша өлім аузында жатқан науқастарға қамқорлық көрсетпек болған. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды.
06.06.2019
-
АИТВ инфекциясы «жасарып барады»
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Жұқпалы кесел жыл санап «жасарып барады». Олардың дені – 15-49 жас аралығындағы науқастар.
31.05.2019
-
Елімізде паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны 27 мыңнан асады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттер саны 27 мыңнан асып жығылады. Алайда, аталған көмекпен айықпас дертке шалдыққан науқастардың жартысы ғана қамтылып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау сарапшысы Марат Мамаев мәлімдеді.
24.04.2019
-
GlaxoSmithKline АИТВ дертін емдеуге қажет дәріні 25 есе арзан бағамен сатудан бас тартқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. GlaxoSmithKline Қазақстанға халықаралық ұйымдар арқылы Долутегравир препаратының аналогын қазіргіден 25 есе арзан бағамен сатып алуға рұқсат ететін лицензияны беруден бас тартты. Бұл туралы ҚР ДСМ Баспасөз қызметі хабарлады.
11.04.2019
-
Онкологиялық науқастарға жыл сайын 40 млрд теңге бөлінеді – министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін жыл сайын 40 млрд теңге бөлінетінін айтты.
18.03.2019
-
Биыл туберкулезді емдеуге 50 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен ұйымдастырылатын дәстүрлі шара биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды ТОЛЫҚ ЕМДЕП ЖАЗУ» деген ұранмен өтпек. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлімдеді.
14.03.2019
-
Астана дәргерлерінің рейтингі қалай өлшенеді
Астана, BAQ.KZ. SmartAstana қосымшасындағы науқастардың пікірлері негізінде Астана қаласы дәрігерлерінің рейтингісі құрылады. Бұл тәжірибе білім беру саласына да қолданылады деп жоспарлануда, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.
13.03.2019
-
Алматы облысында жын шығармақ болған емші науқасты өлтіріп алған
Талдықорған, baq.kz. Алматы облысында 28 жастағы ер адамның өліміне себепкер болған халық емшісі қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
14.01.2019