медаль
-
Күрестен әлем чемпионына берілетін медальдар таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне берілетін медальдың дизайнын көпшілікке жария етті.
01.09.2019
-
Нұр-Сұлтандық жүзушілер Паралимпиадалық ойындарда 20-ға жуық медаль олжалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде V Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындары аясында жүзуден жарыстар мәресіне жетті.
20.08.2019
-
Өрт сөндіру кезінде мерт болған азаматтардың медалі отбасыларына тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Жаркент өңірінде болған өртті өшіру кезінде қаза болған азаматтарға наградаларды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмдардың отбасыларына табыстады.
16.08.2019
-
Таеквондодан кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында екінші медаль қоржынға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші медалін жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.
10.08.2019
-
№001 медалі: Елбасыға жаңа медаль тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кәсіподақтар федерациясы Кәсіподақ қозғалысының дамуына, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты марапаттау туралы шешім қабылдапты.
30.07.2019
-
Кадеттер арасындағы Азия чемпионаты: еркін күрес балуандары үш медаль иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
07.07.2019
-
Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылық спортшылар 37 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзу бойынша Әлем кубогының кезеңдерінде қарағандылықтар 37 медаль, оның ішінде жеті алтын ұтып алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
18.06.2019
-
Каратэден өтетін жарысқа 15 елден 500-ден астам адам қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 14-16 күндері астанада каратэден (WKF) Kazakhstan open халықаралық турнирі өтеді. Жарыс осымен алтыншы рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
14.06.2019
-
Отандық боксшылар Польшадағы турнирде 5 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшаның Гданьск қаласында олимпиада чемпионы Зыгмунт Хыхланы еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
12.06.2019
-
Отандық спортшылар Олимпиадада жеңіп алған жүлдесін қайтара бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық спортшылар Олимпиада медалін қайтара бастады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
03.06.2019
-
Отандық жеңіл атлеттер Халықаралық турнирден 18 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жеңіл атлетикадан Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық матчтық кездесуінің бірінші жарыс күні аяқталды. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар 18 медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
30.05.2019
-
Елордалық пара-каратэшілер 16 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада пара-каратэ бойынша халықаралық «Nur-Sultan Open 2019» инклюзивті турнирінің қорытындысы шығарылды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
23.05.2019
-
Қарағандылық өртсөндіруші ҚР Президентінің қолынан жоғары марапат алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімінің командирі Александр Минаев ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
07.05.2019
-
Тоқаевтың қолынан бүгін кім марапат алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар азаматқа арнаулы әскери атақ, мемлекеттік награда табыстады. Марапатталғандардың толық тізімі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
06.05.2019
-
Әзірбайжандағы турнирде боксшыларымыз 5 медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжанда бокстан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. «Президент Гейдар Әлиев кубогі» жолындағы бәсекеге Қазақстан атынан он боксшы қатысқан, деп хабарлады Olympic.kz.
03.05.2019
-
Азия чемпионатында 100 метрге жүгіруден отандық спортшы топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.
23.04.2019
-
Қазақ балуандары халықаралық турнирден 4 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен "Mongolia Open-2019" турнирі аяқталды. Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
08.04.2019
-
Қазақстандық 120 әскери БҰҰ медалімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті.
30.03.2019
-
ҚР елшісі Пан Ги Мунге мерейтойлық медаль табыстады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Бақыт Дүйсенбаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунге ҚР Тәуелсіздік күніне орай мерейтойлық медаль табыстады.
05.03.2019
-
Қазақстандық каратэшілер Братиславада жеті алтын медаль жеңіп алды
Астана, BAQ.KZ. Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
26.02.2019