Мәжіліс
-
Мәжіліс депутаты: Референдум – әділетті Қазақстан құрудың алғышарты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев өңірлерге сапар аясында Түркістан облысына барды.
20.05.2022
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы радиациялық-қауіпті заттарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
19.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары халықты жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
18.05.2022
-
Конституциялық реформа әлеуметтік әділеттіліктің орнауына түрткі болады – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев референдумды халыққа түсіндіру мақсатында Алматы қаласындағы ұстаздар қауымымен және жастармен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
16.05.2022
-
Референдумда мемлекет үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Депутаттар Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында жергілікті халықпен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндіруде.
14.05.2022
-
Парламент Мәжілісінің депутаты еңбек ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмола вагон жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті.
13.05.2022
-
Мәжілісмендердің кездесуі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли елордалық Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицейінде болды.
13.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары өңірлерде республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап өңірлерде Парламенттегі саяси партиялардың барлық фракцияларының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары іс-сапарға шықты. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.
12.05.2022
-
Мәжілісмендер дәрігерлермен кездесті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің бір топ депутаты Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Басты мақсат – Конституцияға өзгертулер енгізу мен референдумды өткізу бойынша түсіндіру жүргізу.
12.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары «Астана-Тазалықтың» ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Нұрбек Саясат, Лариса Павловец және Динара Закиева өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
12.05.2022
-
Мәжіліс азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы мен ілеспе құжаттарды қарайды.
11.05.2022
-
Мәжіліс депутаты ерлігі еленбей жүрген снайперлеріміз туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы ерліктері еленбей жүрген снайпер батырларымыз туралы пікір білдірді.
06.05.2022
-
Референдум туралы заң. Мәжіліс Сенат енгізген түзетулермен келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс Сенаттың референдум туралы заңға енгізген түзетулерімен келісіп, тиісті қаулыны қабылдады.
05.05.2022
-
Сенат референдум туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында сенаторлар «Республикалық референдум туралы» заңға түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.
05.05.2022
-
Мәжіліс референдумға қатысты заңды Сенатқа жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.
04.05.2022
-
Мәжіліс цифрландыру саласына қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын қабылдады.
04.05.2022
-
Деректерді басқаруға бірыңғай талаптар белгіленеді – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
04.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары референдум туралы заң жобасын қарауға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.
04.05.2022
-
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус қатарына жаңадан қосылған депутат Зәкіржан Кузиев ант берді.
04.05.2022
-
ҚХА-дан сайланған депутат алғаш рет шығып қалып отыр. Әбдірахманов сайлау туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов айтты.
28.04.2022