көрме
-
Достық үйінде «Аналар аманаты» көрмесі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық тобы Достық үйінде қолөнер шығармашылық орталығы мен «Аналар аманаты» көрмесін тамашалады. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.
06.04.2019
-
Арменияның ұлттық галереясында 626 экспонат жұмбақ күйде жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияның мәдениет министрлігіне қарасты көрме орталығы қорының 626 экспонаты жоғалып кетті, деп хабарлады елдің бас прокуратурасы.
06.04.2019
-
Елордада оқушылардың «Жас Star-2019» көрмесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көрменің мақсаты балалардың шығармашылыққа деген қабілетін арттыру.
06.04.2019
-
Алматыда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрме ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуір күні сағат 16.00-де «Мүмкіндіктер палитрасы. Дәстүрлер және жаңашылдық» көрмесі ашылады. Қабижанова Гүлжанат пен Бикинеева Нұрия киіз бен құрақтан жасалған туындыларының бірлескен көрмесін өткізеді. Бұл туралы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
03.04.2019
-
Өзбекстанда Қазақстанның Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Өзбекстандағы жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 сәуірде Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады.
01.04.2019
-
Алматыда Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік орталық музейде музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған «Дала әуенінің ізімен» атты көрме өтіп жатыр.
27.03.2019
-
Баян-Өлгийде Қазақстанның білім күндері өтеді
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 22-23 наурыз күндері Монғолия Республикасы, Баян-Өлгий жерінде «Қазақстан білім күндері» - Халықаралық білім көрмесі өтеді. Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады.
21.03.2019
-
ЭКСПО-дан қалған
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада ЭКСПО көрме аумағында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.
19.03.2019
-
Лондон кітап көрмесінде қазақстандық баспа өнімдері таныстырылды
Астана, BAQ.KZ. Ұлыбританияда өткен кітап көрмесі (London Book Fair) аясында қазіргі қазақстандық баспа саласының туындылары таныстырылды.
19.03.2019
-
Түркістанда «Ер қанаты - ат» көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Ер қанаты – ат» экспозициялық көрмесі ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
18.03.2019
-
Астанада тарихымыздағы батыр аруларға арналған фотокөрме ашылды
Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Әскери-тарихи мұражайда «Қазақстан тарихындағы әйелдер есімдері - соғыстағы арулар» фотокөрмесі ашылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады.
18.03.2019
-
Қызылордада «Қобыз үні» республикалық көрмесі өтті
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы «Aray city mall» ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» ұлттық республикалық көрмесі ұйымдастырылды.
15.03.2019
-
Румыния астанасында қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» - «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ алдағы Наурыз мерекесіне орай Бухарест қаласындағы «Галатека» галереясында танымал қазақстандық суретші Лейла Махаттың «Мен осындамын» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
13.03.2019
-
Мәскеуліктер "Ұлы Даланың" сырларымен танысты
Астана. BAQ.KZ. Мәскеудің орталығындағы Ресей заманауи тарихы мемлекеттік орталық музейінде "Ұлы даланың алтыны" атты тарихи көрме ашылды.
06.03.2019
-
Қарағандыдағы өлкетану мұражайында әйелдер орамалының көрмесі өтті
Астана, BAQ.KZ. 8-наурыз мерекесі қарсаңында өлкетану мұражайында "Әйел орамалының поэзиясы" шарасы өтті. Мұнда бас киімдер көрмесі, модельдер көрсетілімі және стилистерден шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды.
06.03.2019
-
Алғыс айту күнін өскемендіктер қалай қарсы алмақ?
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. 1 наурыз – Алғыс айту күнін Өскемендіктер биыл ерекше қалыпта қарсы алады. Бұл күні облыс орталығындағы Достық үйінде Семей және Өскемен қалаларының Өлкетану мұражайлары түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізіп, ұлтаралық келісім саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар өңір азаматтары облыс әкімінің қолынан Қазақстан халқы Ассамблеясының алтын төсбелгісін алмақ.
28.02.2019
-
Өскеменде «Шетелдегі қазақтар» кітаптар сериясының көрмесі ашылды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамасымен жарық көрген «Шетелдегі қазақтар» кітаптар сериясының көрмесі ашылды.
28.02.2019
-
Өскеменде ит тұқымдарының көрмеcі өтті
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде барлық ит тұқымы түрлерінің ұлттық көрмесі (САС) өткізілді. Қазақстан кинологтарының облыстық бөлімшесі ұйымдастырған шараға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген бас-аяғы 119 ит қатысты. Ал Алматы қаласынан арнайы шақыртылған сарапшы төрт аяқты достың тұрқына, түгінің қалыңдығы мен сапасына, тіпті тісінің түсіне дейін жіті қарап, баға берді.
28.02.2019
-
Алматыда ерекше көрме өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Суретшілер одағының галереясында опера әншісі әрі суретші Лаура Күнгейдің «Періштелер қаласы» атты көрме-концерті өтеді.
26.02.2019
-
Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында "Темуридтер тарихы" мемлекеттік музейінде «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды.
22.02.2019