карантин
-
"Бизнестің жол картасы" аясында пайыздар төмендеп, несие сомасы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шара ретінде несие пайыздарды төмендеп, субсидия мен несиелендіру сомасы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
14.08.2020
-
Есмағамбетова карантинді жұмсартудың үш көрсеткішін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында спорт жанкүйерлерін хоккей және футбол матчтарының трибуналарына жіберу жоспарлары туралы айтты.
14.08.2020
-
Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
14.08.2020
-
Неліктен демалыс күндері қатаң карантин сақталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанда демалыс күндері қатаң карантин сақталады. Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында пікір білдірді.
14.08.2020
-
Карантин алынса да, жұмысына шектеу қойылатын нысандар қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Бірқатар субъектінің жұмысына рұқсат берілсе де, әлі де қызмет көрсетуіне шектеу қойылған нысандар бар. Назарларыңызға 17 тамыздан бастап бұған дейін салынған тыйымдар әлі де сақталатын қызмет түрлерін инфографика түрінде ұсынамыз.
14.08.2020
-
Маска тағу режимі әлі де сақталады – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
14.08.2020
-
Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.
14.08.2020
-
Шектеу шараларын жеңілдетуден ешқандай қорқыныш жоқ – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
14.08.2020
-
17 тамыздан кейін де карантин қатаң сақталады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 17 тамыздан кейін карантин шаралары қалай жеңілдейтінін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның телеграм-парақшасында жарияланды.
13.08.2020
-
Карантин: Демалыс күндері шектеу шаралары сақтала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендетілді. Осыған байланысты мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын субъектілердің тізімін бекітті. Алайда, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. Назарларыңызға мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, жұмысын жандандыратын, әлі де тыйым салынған мекемелер тізімін инфографика түрінде ұсынамыз.
13.08.2020
-
Карантин: 17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын мекемелер тізімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
13.08.2020
-
Карантин: Нұр-Сұлтанда соңғы аптада 722 заң бұзушылық тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір аптаның ішінде елордада 722 заң бұзушылық тіркелген. Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, қалада карантин тәртібін сақтауға қатысты рейдтер әлі де жалғаса бермек.
13.08.2020
-
Нұр-Сұлтанда карантин ұзартылуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Астана" телеарнасында өткен тікелей эфир барысында Нұр-Сұлтанда қатаң карантинді ұзарту мүмкіндігі туралы айтты.
12.08.2020
-
Қызылордада карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шектеулердің әсері Қызыорда өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына, вирус динамикасының тұрақтануына алып келді.
12.08.2020
-
Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады.
11.08.2020
-
Сарыағаштық алаяқ жұмысқа тұрғызамын деп 3 адамнан ақша алып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданында адамдарды жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ ұсталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті оңай жолмен ақша тауып, жәбірленушілерге миллион теңгеден астам шығын келтірген.
11.08.2020
-
Карантинге қарамастан жұмыс істеген мейрамханаларға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның мониторинг топтары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
10.08.2020
-
2 млн 250 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі жағдай бойынша шілдедегі шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
10.08.2020
-
Алматыда карантин кезінде жұмыс істеп келген элиталық сауна анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Элиталық сауна және қымбат бильярд клубы Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген. Бұл туралы алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
08.08.2020
-
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия халықаралық авиакомпаниялардың кейбір елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушылар рейстерінің орындалуын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
08.08.2020