ІІМ
-
Перзентханадағы өрт кезінде 8 сәбиді құтқарған азаматтар марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен, балалардың өмірін құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін алматылық акушер-дәрігер Перизат Садықова, мейірбике Арайлым Жиделиева және акушер-дәрігер Виталий Грушевский «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
21.08.2020
-
Армениядан әкелінген көліктерді қашанға дейін тіркеп үлгеру қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі Армениядан Қазақстанға автомобильдерді тіркеу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарастырып жатыр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
21.08.2020
-
Ішкі істер вице-министрі: Погон тақпаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңадан тағайындалған ҚР Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында азаматтық лауазымда жұмыс атқарамын, погон тақпаймын деп мәлімдеді.
05.08.2020
-
Заңсыз дәрі-дәрмек сату бойынша Шымкент көш бастап тұр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев рейд кезінде 54 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленіп, 185 адам полицияға жеткізілгенін айтты.
12.07.2020
-
Карантиндік шараларға 13 мың полицей мен әскери қызметкерлер тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантиндік шаралар қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
12.07.2020
-
Жеке клиникалар мен дәріханалардың қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап полицияның кешенді күштері дәрі-дәрмектердің жасанды тапшылығына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау және оларды жоғары бағамен заңсыз сату бойынша іс-шаралар жүргізуде.
08.07.2020
-
Отандық өнім. Ресейге рұқсатсыз 1,7 млн доллардың дәрі-дәрмегін шығармақ болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Еркебұлан Асанбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.
07.07.2020
-
ІІМ: Бір күнде 46 адамнан 20 884 қорап дәрі-дәрмек тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантиндік шараларды күшейту кезеңінде қабылданатын шаралар туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.
07.07.2020
-
Дәрі-дәрмекті 6 есе қымбатқа сатқандар ұсталды
Дәрі-дәрмектерді қайта сатудың көптеген фактісі еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкер азаматтар дәрі-дәрмектерді "сөреден" сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған.
06.07.2020
-
ІІМ жоғары оқу орындарының түлектеріне погондар табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік погондар тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
04.07.2020
-
ІІМ ұжымы Елбасының тезірек сауығуын тілейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қызметкерлері Елбасына қолдау білдірді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
19.06.2020
-
Елімізде 1,5 млн жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың басынан бері жол ережесін бұзған 3,5 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
17.06.2020
-
589 полиция қызметкері коронавирус індетін жұқтырды – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 589 полиция қызметкері коронавирус індетіне шалдықты. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
09.06.2020
-
Министр төтенше жағдай кезінде ІІМ-де қандай проблемалар болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдай кезінде ІІМ-де қандай проблемалар болғанын айтып берді.
09.06.2020
-
Тұрғымбаев: Полиция жұмысын тиімді ету үшін қоғам ұсынысын тыңдауға әзірміз
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде құқық қорғау органдарының тиімділігін арттырғысы келетін азаматтармен бірлесе жұмыс істеу үшін әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдаланып жатқандарын айтты.
09.06.2020
-
ІІМ көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа көшті – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесуінде Ішкі істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83%-ы электронды форматқа көшкенін айтты.
09.06.2020
-
ІІМ басшысы жас полицейлерге қызметтік куәліктерін табыс етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Ішкі істер министрі жаңадан жұмысқа кіріскен полицейлерге қызметтік куәліктерін табыстады, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметінен.
05.06.2020
-
Ішкі істер министрі Алматы ауруханасындағы полицейге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды. Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, деп хабарлайды Polisia.kz.
27.05.2020
-
Блок-бекеттегі полицейлер өлімі: Үш адам жұмыстан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте орын алған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
27.05.2020
-
Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиевтың және полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты. Және олардың отбасына толықтай материалдық көмек көрсетіліп, кішкентай балаларына барынша қолдау берілетінін жеткізді.
25.05.2020