экология
-
"Таза Қазақстан": Түркістан облысында 2614 экологиялық іс-шара өткізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.06.2025
-
Экология министрлігі Қарасу өзенінің жағасында сенбілік өткізді
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың табиғат ресурстары басқармаларымен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағын тазартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.06.2025
-
Абай облысында 197 мыңнан астам адам экологиялық сенбілікке шықты
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған кең ауқымды іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.05.2025
-
Климат дағдарысы шешілмей, ешқандай орнықты даму болмайды – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан AIF-2025 форумында елімізде климат өзгерістеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.05.2025
-
Қазақстанда 2 млрд ағаш егу жоспары 2027 жылға дейін ұзартылды
2020 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысы орман қоры аумағында 2025 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын берді. Алайда орман иеленушілердің мүмкіндіктері мен питомниктердегі отырғызу материалдарын ескере отырып, тапсырманы орындау мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.05.2025
-
Қазақстанда киік саны қаншаға жетті
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев Мәжілісте киіктердің популяциясы мәселелеріне қатысты жиында елде қанша киік барын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.05.2025
-
Жетісуда төрт бүркіт табиғи ортаға жіберілді
Жетісу өңіріндегі «Сұңқар» жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.05.2025
-
Каспий жағалауында тағы да жүзден астам итбалық өлексесі табылды
Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда, бұл жерде тағы да өлі итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.
25.05.2025
-
Астанада параспортшылар ағаш отырғызу акциясына қатысты
Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.05.2025
-
"Жасыл ел": Абай облысында еңбек жасағының XXI маусымы ашылды
Абай облысында "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағының XXI маусымы салтанатты түрде ашылды
23.05.2025
-
Қостанайда 2 мың гектар жерге ағаш егілді
Қостанай облысында көктемгі орман отырғызу науқаны сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.05.2025
-
Жастар қоғамның өзекті мәселелерін фотоөнер арқылы көрсетті
Алматыда “Шекарасыз фотосурет” атты ерекше көрме ашылып, оған 34 оқушының еңбектері қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.05.2025
-
Қазақстандықтар экологияны жақсартуға @TazaQazBot арқылы үлес қосуда
Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.05.2025
-
"Таза Қазақстан": Жамбылда 286 мыңнан астам көшет егілді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру барысы сараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.05.2025
-
Туған өлкені сүй, табиғатты қорғай біл: Семейде экологиялық акция өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Парктер шеруі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.05.2025
-
Өскеменде ауадан хлордың шамадан тыс мөлшері анықталып, тексеріс басталды
19 мамырда экология департаментінің мамандары әлеуметтік желіде Согра ықшам ауданының өнеркәсіптік аймағы қатты түтіндегені туралы ақпараттың тарауына байланысты "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ-ға іргелес жатқан аумаққа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.05.2025
-
Биыл Астанада 10 мың ағаш егіледі
Елордада "Ғашықтар" саябағында "Қалалық орта тұрақтылығы орталығы" қоғамдық қоры елорданы көгалдандыру бастамасы аясында екінші жыл сайынғы ағаш отырғызу акциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.05.2025
-
Атырауда штапельді жіп өндіретін зауыт ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу және қалдықтарды басқару жүйесін дамыту аясында утилизациялық төлем есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.05.2025
-
Катон-Қарағайда Қызыл кітапқа енген қар барысы фототұзаққа түсті
Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.05.2025
-
"Таза Қазақстан": Қостанай облысында плоггинг өтті
"Жангелдин ауданы Ішкі саясат бөлімі "ММ "Жастар ресурстық орталығы "КММ ұйымдастыруымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Жангелдин ауданында плоггинг шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.05.2025