егістік
-
Түркістан облысында 35 мың гектарға мақта егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде.
04.05.2019
-
ШҚО-да құнарлы егіс алқаптарының көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс Қазақстанда себілетін астық дақылдарының 88%-ы сапасы жоғары бидай болмақ. Бұл жөнінде облыс әкімдігі отырысында көктемгі егіс науқанына даярлық барысын хабарлаған облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақұпбаев мәлімдеді.
23.04.2019
-
Түркістан облысында 5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында өндірілген жалпы өнім көлемі 2018 жылы 46,9 млрд теңгені құраған. 2019 жылы оның көлемін 62,3 млрд теңгеге жеткізіп, көрсеткішті 32,8%-ға арттыру межеленуде. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.
11.04.2019
-
Мақтааралдықтар қырыққабаттың алғашқы өнімін Ресейге жөнелтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары сәуірдің ортасына жетпей қырыққабат дақылынан алған алғашқы өнімді Ресей Федерациясының Қазан қаласына экспорттады. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметі мәлім етті.
11.04.2019
-
Оңтүстікте көктемгі егіс жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік өңірлері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары көктемгі егіс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
04.04.2019
-
Ақтөбе облысында егістік алқабы ұлғаяды
Астана, BAQ.KZ. Биыл 805 мың гектардан астам жерге дән себіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді.
19.03.2019
-
Түркістан облысында егістік көлемі артты
Астана. BAQ.KZ. Түркістан облысының жер қоры 11 609,5 мың гектарды құрайды. 2018 жылы облыстың әкімшілік аумағының өзгеруіне байланысты 45 елді мекендердің әкімшілік шекаралары Жер ресурстары комитетіне жолданды. Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің көлемі 2017 жылы 848,9 мың гектар болса, 2018 жылы 865,2 мың гектарды құрап, 16,3 мыңға артып отыр.
12.02.2019