денсаулық
-
Дәрігер 50 жастан кейін әр адам білуі тиіс диагноз туралы айтты
Тоқ ішек пен тік ішек обыры – әлем бойынша да, Қазақстанда да жылдан-жылға жасарып, өршіп келе жатқан ең қауіпті дерттердің бірі. Соңғы жылдары бұл диагноз елімізде онкологиялық аурулардың алғашқы үштігіне дейін көтерілді. Аурудың басты трагедиясы – бастапқы кезеңде еш белгі бермей, жылдар бойы жасырын дамитынында. Ал диагностика кешіксе, емдеу қиындайды, асқыну көбейеді. Осы күрделі дертпен күн сайын бетпе-бет келіп жүрген Ұлттық ғылыми онкология орталығының онкоколопроктологы Мейрам Мамлин колоректалды обырды ерте анықтау, емдеу, технологиялық жаңалықтар және пациенттердің жиі жіберетін қателіктері туралы кең көлемде айтып берді.
30.11.2025
-
Жатыр мойны обыры жасарып барады: дәрігерлер нені дейді
Жатыр мойны обыры – заманауи медицинаның ең көп зерттелген, алайда алдын алуға болатын қатерлі дерттерінің бірі. Дүниежүзінде жыл сайын жүз мыңдаған әйел бұл диагнозды естиді. Қазақстан да бұл статистикадан тыс емес: дерт жасарып, оның таралуы өсіп келеді. Бірақ соңғы жылдары елде жүргізілген вакцинация, ерте диагностика және ақпараттық түсіндіру жұмыстары үміт отын жаққандай. Дәрігерлер вакцина қауіпсіздігін нақты деректермен дәлелдеп, мифтерді жоққа шығарып келеді. Бұл – қазақстандық қоғам үшін аса маңызды кезең.
30.11.2025
-
Онкоскрининг тегін қызметтер пакетіне енді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысы аясында Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2025
-
150-ден астам жұмысшы тамақтан уланды
154 жұмысшы улану күдігімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Haberler-ге сілтеме жасап.
28.11.2025
-
Жедел жәрдем бағасының өсуі: Қазақстандықтарды не күтеді?
Қазақстанда жедел жәрдемді шақыру тарифін кешкі және түнгі уақытта төртінші дәрежелі шұғыл шақыруларға көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2025
-
ЖИ мүгедектік дәрежесін анықтауға көмектеседі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект моделін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2025
-
"Уколдан" кейінгі өлім: Таразда екі адамға сот үкімі шықты
Таразда «Цефтриаксон» препаратын еккеннен кейін абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жағдайға қатысты медбикеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Әскери қызметші ант қабылдау кезінде екі көзінен айырыла жаздады
Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев әскери ант қабылдау кезінде жарақат алған қызметкерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Дәрігерлердің ауыр халдегі науқастардың құқықтарын бұзу фактілері анықталды
Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастардың құқықтарының бұзылуын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Туған жеріне оралған кардиохирург: Қазақстанда 20 баланың жүрегіне жаңа өмір сыйлады
Әлемдегі балалар кардиохирургтарының үздік бестігіне кіретін, Мельбурн университетінің профессоры, phD Игорь Константинов тарихи Отаны – Қазақстанға келіп, жергілікті дәрігерлермен бірге бір ай ішінде 20-дан астам балаға күрделі жүрек операциясын жасады. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Қазақстанда 250 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жатыр
Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Жетісайдағы өрт: Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр
Түркістан облысындағы өрттен аман қалған баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат кулуарында мәлімдеді.Айта кетейік, 18 қараша күні өңірдегі Алғабас ауылында болған өрт салдарынан 12 адам қаза тауып, үшеуі жара
27.11.2025
-
Министр ұшақта жолаушыны құтқарып қалды
Астана–Алматы бағытындағы КС 622 таңғы рейсі бір жолаушы үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Жолаушыға сол ұшақта отырған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова көмектескен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Қазақстан дәрігерлерді қорғауды күшейтпек: Қандай өзгеріс болады?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылда медицина мамандарына жасалған 280 шабуыл тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.11.2025
-
Стоматологиядағы 3 жасар қыздың өлімі: Сотта оқиғаның видеосы көрсетілді
Астана сотында жеке стоматологияда болған үш жасар қыздың өлімі бойынша іс қаралуда. Отырыста 25 қарашада болған қайғылы оқиғаның видеожазбасы көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.11.2025
-
Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды
Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.11.2025
-
Қызылшаға қарсы вакцинация – жалғыз сенімді қорғаныс
Қызылша – ауа-тамшы жолымен берілетін, жұқпалығы өте жоғары қауіпті вирустық ауру. Инфекция ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: ми қабықтарының қабынуына (энцефалит), өкпенің зақымдануына (пневмония), ортаңғы құлақтың қабынуына (отит). Кейбір жағдайларда ауру өліммен аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
25.11.2025
-
"Өзі кетсе де өзгені құтқарды": Екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды
Ұлттық ғылыми онкология орталығында екі науқасқа мәйіт донорынан бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.11.2025
-
Қайтыс болған донорлар 6 адамның өмірін сақтап қалды
Өткен аптада Алматы мен Астанада екі донорлық процесс өтті, нәтижесінде бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзалар - жүрек, бауыр, екі жұп бүйрек, екі мөлдірқабық трансплантатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Оқушылар арасында қауіпті тренд пайда болды
Қазақстанда жасөспірімдер арасында денсаулыққа аса қауіпті жаңа әдеттің белең алып бара жатқаны анықталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.11.2025