Денис Тен
-
Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Алматыдағы ауданаралық қылмыстық сотта Денис Теннің өліміне қатысты іс мәресіне жетті. Соттың үкімімен айыпталушылар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Соттың айыптау үкімімен Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде қамау талап етілді.
Ал, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі айтылып, оны да қауіпсіздігі жоғары мекемеге қамауды талап етті.
Сондай-ақ, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовқа 30 АЕК көлемінде, Ж. Толыбаеваға 20 АЕК көлемінде қаржылай айып өндіруге міндеттелді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Көп ұзамай сотталушы Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева қамауға алынған еді.
Әділет МҰСАХАЕВ
17.01.2019
-
Денисті өлтіргенімді мойындаймын – Қиясов
Алматы, baq.kz тілшісі. Нұралы Қиясов сотта жауап беріп, Денис Тенді қалай өлтіргенін айтып берді.
14.01.2019
-
Сотта кінәлілердің бірі Денис Теннің туыстарынан кешірім сұрады
Алматы, Baq.kz, тілшісі. Денис Теннің өліміне күдікті деп танылған Арман Құдайбергенов бүгін сотта жауап беріп, марқұмның туған-туыстарынан кешірім сұрады.
11.01.2019
-
Қорғаушы: Денис Тенді тапсырыспен өлтірді деген ақылға қонбайды
Алматы, baq.kz. Алматыда Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
04.01.2019
-
Денис Тенді пышақтағандар қылмысын мойындамай отыр
Алматы, baq.kz. Алматыда спортшы Денис Теннің өліміне қатысты негізгі сот тыңдауы өтіп жатыр. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, сотталушылардың екеуі - Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов Денис Тенді өлтіргенін мойындамады.
03.01.2019
-
2018 жыл. Қазақстан кімдерден айырылды
Астана, BAQ.KZ. «Тумақ бар жерде өлмек бар» дейтін халқымыз, «туу – сүннет, өлу – парыз» дегенді қоса айтады. Дегенмен, тас түскен жеріне ауыр, «өлім – байдың малын шашамын, кедейдің абыройын ашамын» деп келеді екен.
31.12.2018