чемпионат
-
Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-26 сәуір аралығында Тайланд астанасы Бангкокте бокстан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасы тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасында бір уақытта ұйымдастырылмақшы. Бокстан әйелдер командасының бас бапкері Вадим Присяжнюк Азия біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz. мәлімдеді.
08.04.2019
-
Маңғыстауда WorldSkills Kazakhstan чемпионатының өңірлік кезеңі өтіп жатыр
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеу және оның қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жастардың, мектеп оқушылары мен студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру.
07.04.2019
-
Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 наурызда Қызылорда қаласында «Евразия» спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі юниорлар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 31 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
26.03.2019
-
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
Астана, BAQ.KZ. Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық жарыстарға 88 спортшы қатысуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
19.03.2019
-
Ақмолада сақшылар сынға түсті
Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысы, Шучье қаласында өткен ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің ХІ республикалық чемпионаты өтті.
18.03.2019
-
Моңғолияда қазақ күресінен ел чемпионаты өтеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында 9 наурыз күні Қазақ күресінен Моңғолия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Бұл туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар хабарлады.
06.03.2019
-
Дзюдодан жастар арасында жекелей чемпионат аяқталды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Атырауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионаты аяқталды.
06.03.2019
-
Қабырға сынған қолкүрес. Шардаралық Шынболат vs аңыз адам «Кобра» Родс
Шымкент қаласы және Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Армрестлинг спортының аңызына айналған америкалық Эндрю «Кобра» Родс шардаралық армрестлер Шынболат Райхановпен қол күресте екі қабырғасын сындырып алған. «Кобра» лақап атымен танымал Эндрю Родс өзін әлем чемпионатынан шеттеткен сол бір оқиға туралы Қазақстанға келген сапарында айтып берді. 17-18 ақпан күндері Шымкенттегі Жеңіл атлетика кешенінде Владимир Залманович Дрекслердің 80 жасқа толуына арналған қолкүрестен Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтті. «Кобра» Родс осы чемпионатқа құрметті қонақ ретінде шақырылыпты. Чемпионат басталардан бұрын баспасөз-конференциясы болды.
20.02.2019
-
Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады. Америка, Азия, Африка, Австралия мен Тынық мұхиты аймағының спортшылары арасындағы ірі бәсекеден қазақстандықтар да сырт қалмайды деп жазады Olympic.kz.
05.02.2019