брифинг
-
Елімізде бірнеше су қоймасы 90%-ға толған
Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.04.2024
-
Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Қостанай облысында жағдай тұрақты қауіпті. 25-наурыздан бастап даладағы су өңірдің оңтүстігінен, атап айтқанда Арқалық, Амангелді, Жангелді жағынан келді. Ол жақта жағдай қазір тұрақты. Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елді мекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Себебі, Тобыл өзені көтеріліп, мұнда үйлерді су басу қаупі бар. Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.
08.04.2024
-
Республикалық және жедел штабтар тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр
Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 704 жеке тұрғын үй, 567 аула аумағы, 1 824 саяжай үйлері және түрлі мақсаттағы 75 ғимарат су астында қалды. Су жүрген 133 автожол учаскелерінде және су шайған 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 59 көлік қатынасы жоқ елді мекен жедел штабтың бақылауында. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман ОКҚ брифингінде хабарлады.
08.04.2024
-
ҚР ТЖМ: уақытша орналастыру пункттерінде 13 328 адам бар
Орталық коммуникациялар алаңына өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалғанын айтты.
07.04.2024
-
Су тасқыны: Тобыл өзені аумағынан 4 мыңнан астам адам құтқарылды
Бұл туралы елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы брифингте Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.04.2024
-
Қостанай облысында Тобыл және Тонтігер өзендерінің бойында 1835 адам көшірілді
Қостанай облысының оңтүстігіндегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бірақ Тобыл өзенінде, Рудный қаласының Перцев ауылында және Қостанай ауданының Тобыл қаласында іргелес аумақтарды су басу қаупі бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.04.2024
-
ТЖМ: барлық күштер мен құралдар су тасқынының салдарын болдырмауға және жоюға бағытталған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары броньдалып, берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.04.2024
-
Абай облысы ТЖД су тасқыны бойынша брифинг өткізді
26 наурызда өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев су тасқыны кезеңінің өту барысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.03.2024
-
Бір тәулікте 1900-ге жуық қылмыс жасалған
ІІМ өткен аптада елімізде болған криминогендік жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.02.2024
-
Қызылшадан ең тиімді қорғаныс – вакцинация
Өкінішке қарай қызылшаның қауіптілігі оның отит, пневмония, энцефалит, паненцефалит сияқты күрделі асқынуға апаратынын ата-аналар кеш түсінеді. Бұл туралы Астана қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ӨКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
19.01.2024
-
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны төмендеді
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны төмендеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде сөз алған ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.
18.01.2024
-
Елорда әкімі көпбалалы отбасылар мен жетімдерге пәтер берілетінін айтты
Баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар мен жетімдерге пәтер беріледі. ОКҚ-да өткен баспсөз мәслихатында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.12.2023
-
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы қайта жаңғыртылады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.12.2023
-
Жамбыл облысында жол-көлік апатын азайту бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі
Бұл сұраққа облыс әкімі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тақырыбында өткен брифинг барысында Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2023
-
Алматы өңірінің әкімі аш құрсақ табылған 6 жасар баланың жағдайын айтты
Жағдайды бақылап отырмыз.
01.12.2023
-
ШҚО әкімі өңірдің халқы мен экономикалық жағдай туралы айтты
ШҚО әкімінің дерегінше, өңір халқы - 728 мың адам.
30.11.2023
-
Шымкентте бесінші ауданның құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына жол ашты
Тұран ауданының құрылуы халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков мәлімдеді.
—Шымкент қаласында жаңадан бесінші ауданның құрылуы — халықпен кері байланыстың нығаюына ықпал етіп, тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне жол ашты. Мәселен, тұрғындар көшені жарықтандыру мәселесін бізге айтады. Біз энергетика басқармасына өтінім беретін едік. Осы жағдайды қала басшылығына түсіндіріп едік, жарықтандыру бағытына бөлінетін қаржы бойынша шешім қабылдау өкілеттілігін аудан әкімдіктеріне берді. Соның нәтижесінде биыл Тұран ауданында 22 көше жарықтандырылса, 2024 жылы 200 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз, — деді Б.Болатбеков.
Брифинг барысында аудан әкімі жол құрылысы, шағал тас төсеу, сапалы электр қуатымен, ауыз сумен қамту, газдандыру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» жобасының орындалу барысы туралы да баяндалды.
25.11.2023
-
Жетісу ауданында бес бағыт бойынша 102 автобус жаңартылды
Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.11.2023
-
Павлодар облысында ТЖД брифинг өткізді
Өткен айдың өзінде облыс аумағында тұрғын үй секторындағы өрттің 9 фактісі тіркелді, онда 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.09.2023
-
Елордада 189 мың адам салық төлемеген
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерлан Бакиров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.09.2023