білім
-
2026 жылғы ҰБТ: Қаңтар айында өтетін тестке тіркеу басталады
22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркеу басталады. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.12.2025
-
Мұғалімдердің үні естілді: Оқу-ағарту министрі шу болған реформаны тоқтатты
Пәндерді біріктіруге қатысты жүргізілген реформаның тоқтатылғаны туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл шешім қоғамның, соның ішінде ата-аналар мен жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінің пікірін ескере отырып қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.12.2025
-
Қазақстан мен АҚШ бірлесіп Ақтөбеде зерттеу орталығын ашты
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Миннесота университетінің бірлескен бастамасымен Қазақстанда алғаш рет «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.12.2025
-
Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.12.2025
-
Қазақстандық студенттер халықаралық чемпионатта жеңіске жетті
Қытай Халық Республикасының Шаоян қаласында "2025 China Grand Final" аясында өткен "BRICS Skills Competition" халықаралық чемпионатында қазақстандық команда жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Биыл Қазақстанда қанша шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды
Қазақстан жоғары білім беру жүйесін жаһандық академиялық кеңістікке кіріктіру бағытында жүйелі қадамдар жасап келеді. Шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, халықаралық рейтингтердегі позицияларды нығайту және заманауи білім бағдарламаларын енгізу осы үдерістің нақты көрінісіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Астанада салынған "Келешек мектептер" саны рекордты көрсеткішке жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектеп" ұлттық жобасы елордадағы білім беру саласын дамытуда маңызды рөл атқарып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.12.2025
-
Баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс басталды
Әлеуметтік желіде логопед-оқытушының баланы ұрған сәтін бейнелейтін видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Шалғай ауылдардағы мектептерде де ғылым дамыса дейміз – министр
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыда Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» ІІ Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Балаева: Жоғары оқу орындары еңбек нарығына бейімделуі тиіс
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.12.2025
-
Инклюзивті білім беру жүйесі: Қазақстандағы жағдай қалай?
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытында ауқымды реформалар жалғасып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің BAQ.KZ тілшісіне ұсынған мәліметтеріне сәйкес, алдағы жылдары мектептерде қолайлы орта қалыптастыру, педагогтерді даярлау және психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін кеңейту басым міндеттердің бірі болмақ.
11.12.2025
-
Шымкентте мектепте бір күн істемеген маман білім басқармасының басшысы болды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жақында тағайындалған білім басқармасының басшысына қатысты журналист сынына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.12.2025
-
ҰБТ халықаралық форматқа өтеді: Бұл оқушыларға қалай әсер етеді?
Қазақстанда ETS халықаралық ұйымымен ынтымақтастық аясында қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті BAQ.KZ редакциясының ресми сұрауына берген жауабында мәлімдеді.
11.12.2025
-
БҰҰ бастамасы – қазақстандық жастар үшін үлкен мүмкіндік
БҰҰ-ның тегін онлайн-курстары жастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Қазақстан педагог еңбегі жоғары бағаланатын әлемдік тізімде екінші орында – министр
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумының аясында білім беру жүйесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелерін талқылауға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Аймағамбетов оқушылар мен мұғалімдерге ұнайтын өзгеріс туралы айтты
Мәжілістің кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов педагогтер мен оқушыларға берілетін бірреттік төлемдер мен қосымша мүмкіндіктер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Мектеп пәндерін біріктіру керек пе? – Аймағамбетов пікірін айтты
Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін кулуарда депутат Асхат Аймағамбетов мектептерде пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
WorldSkills Kazakhstan-2025 жеңімпаздары анықталды
Бүгін Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Құндылыққа негізделген білім: Елордада педагогтер форумы басталды
Бүгін білім беру саласының өкілдері бас қосқан «Құндылық. Тұлға. Болашақ» атты республикалық педогогтер форумы өз бастауын алды. Форум адамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, педагогтер мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатын алға тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Қазақстан "Болашақ" бағдарламасымен атом энергетикасы мамандарын көбейтеді
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде төртжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар атом электр станциясын салу және оны одан әрі пайдалану үшін кадрлық қамтамасыз етудің стратегиялық маңызын ескере отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасына атом энергетикасы саласы бойынша мамандар даярлаудың жеке бағыттарын енгізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025