білім
-
Әкесінен ерте айырылған бір үйдің балалары арманын айтты
Батырбек пен Диас Жақсылық – Павлодар облысының шағын ғана Кемеңгер ауылында тұратын ағайындылар. Тағдырдың олардың отбасына дайындаған сынағы оңай болған жоқ, әкесі 2020 жылы жол апатында көз жұмып, анасы төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.11.2024
-
Грантты саралап беру мамандарды даярлаудың сапасына кері әсер етпей ме?
Сенатор Амангелді Толамисов өзінің депутаттық сауалында жоғары оқу орындарының «лигасына» байланысты студенттік гранттар берудегі проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.11.2024
-
Астанада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды
7 қарашада Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2024
-
Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында тағы екі жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.11.2024
-
Ата-аналар назарына: Астанада сабақ уақыты қысқартылды
Бүгін Астанада екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы 30 минуттан болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.11.2024
-
Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.11.2024
-
Қазақстанда дарынды оқушыларға 5,5 млн теңге берілетін болды
Қазақстандық оқушылар халықаралық білім додаларында топ жарып жүр. Биыл өрендеріміз әлемнің түрлі елінде өткен пәндік олимпиадаларда 26 медаль иеленіп, ел абыройын тағы бір рет асқақтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.11.2024
-
«Мирас» халықаралық мектебі 25 жылда қандай жетістіктерге қол жеткізді
Осы уақыт аралығында «Мирас» мектебінен 830 түлек түлеп ұшты, олардың ішінде 20 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 46 түлек арнайы аттестатпен марапатталды. Сондай-ақ 197 оқушы беделді Дипломдық бағдарламада оқып, халықаралық диплом алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.10.2024
-
Жаңа білім мен дағдыны игеру заман талабына сәйкес келуге көмектеседі – мұғалім
Ұстаздық – жауапкершілік пен адалдықты талап ететін ең қиын жол. Олар шәкірттеріне білім мен тәрбие беріп, қоғамның болашағын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Сондай жауапкершілікті арқалап жүрген ұстаздарымыздың бірі – Айгүл Оспанова, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2024
-
"Мақсатты мектеп" маңайындағы шу: Министр жағдайды түсіндірді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа "Мақсатты мектеп" бағдарламасына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2024
-
Жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде елімізде 2024 жылдың басынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды.
14.10.2024
-
Қытайдың ұлттық арнасында Қазақстан ғалымдары мен зерттеулері көрсетілді
Қытайдың CCTV ұлттық арнасында Kozybayev university ғалымдары мен зерттеулері көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.10.2024
-
Жетісу облысында білім бөлімінің үш бухгалтері 34 млн теңге жымқырған
Жетісу облысының Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
07.10.2024
-
Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup басталды
2 қазан күні Астанада «Enactus World Cup 2024» Әлемдік Чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2024
-
Білім саласында парақорлар мемлекетке 17 млрд теңге залал келтірген
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.10.2024
-
Тоқаев «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.09.2024
-
Кәсіпкер құны 20 млн доллар тұратын активтерін қазақстандық балаларға берді
Айдын және Анара Рахимбаевтар құны $20 млн активтерін АХҚО орталығында тіркелген IQanat Endowment Fund қорына берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.09.2024
-
Ақтөбе облысында 650 млн теңге көлеміндегі бұзушылықтар анықталды
Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен білім беру саласындағы қаржылық тәртіпті нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.09.2024
-
Елімізде су тасқынынан 40 мектеп зардап шекті
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқыны кезінде қанша мектептің зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2024
-
Студенттерге қыркүйектің стипендиясын кешіктіріп төлейтін болды
Елімізде бірінші курс студенттеріне стипендия қазан айында төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.09.2024