Батыс Қазақстан облысы
-
Спорт ардагері әлем чемпионаттарындағы жүлдесі үшін ақшалай сыйақы алатын болды
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты спорт ардагеріне әлем чемпионаттарында иеленген жүлделі орындары үшін ақшалай сыйақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.02.2026
-
Батыс Қазақстанда боранға байланысты тасжол жабылды
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
БҚО тұрғыны киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды
Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында жергілікті тұрғынның киік мүйізін заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.02.2026
-
WhatsApp арқылы бұрынғы әйелінің интимдік суреттерін таратқан ер адам жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында WhatsApp арқылы бұрынғы әйелінің интимдік суреттерін рұқсатсыз таратқан ер адам жауапқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.01.2026
-
БҚО-да басқарма басшысы 100 млн теңге парамен ұсталды
Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды
Кеше күндіз Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. BAQ.KZ бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
05.01.2026
-
Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.12.2025
-
Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.12.2025
-
Тексерістен кейін оқытушылардың жалақысы 200 мың теңгеге дейін өсті
Оқытушылардың еңбек құқықтарын қалпына келтірді
18.12.2025
-
БҚО-да боранда хабарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
Батыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз кеткен төрт адамның үшеуінің денесі табылғаны, тағы бірі әлі іздестіріліп жатқаны бұған дейін хабарланған. Өкінішке қарай, соңғысы да өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025
-
Батыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды
Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.12.2025
-
Батыс Қазақстандағы дүкен сөрелерінде ас тұзы неге жоғалып кетті – әкім жауабы
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі дүкен сөрелерінде неліктен ас тұзының жоғалып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Батыс Қазақстанда қаладан ауылға қоныс аударғандар көбейген
Батыс Қазақстанда былтыр іске қосылған "Қаладан ауылға" жобасы қарқынды жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
БҚО-да алаяқтарға көмектескен 26 жастағы тұрғынға сот үкімі шықты
Батыс Қазақстан облысында алаяқтардың аса ірі көлемде қаржы жымқыруына көмектескен 26 жастағы тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.11.2025
-
Бала жүрегіне шамшырақ жаққан жас ұстаз
Ұстаздық – әр баланың өміріне жол сілтейтін, жүрекпен атқарылатын қасиетті мамандық. Мұғалім тек пәнді оқытып қана қоймай, шәкірттің бойындағы ізгі қасиеттерді оятып, олардың сенімін арттыруға ат салысады. Осындай қасиетті мамандықты саналы түрде таңдаған жас педагогтардың бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы №9 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ықбал Темірбайқызы Палуаниязова. BAQ.KZ тілшісі ауыл мұғалімінің еңбек жолымен, оның шәкірттеріне деген шынайы махаббаты мен жаңашыл сабақ әдістерімен танысып көрген еді.
19.11.2025
-
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
"Балмұздақ алып беремін": Батыс Қазақстанда 6 жасар қызды зорлау ісі сотқа жолданды
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар қыз баланы зорлау ісі сотқа жіберілді. Күдікті – бұрын сотталған 32 жастағы ер адам. Тергеу толық аяқталып, іс мамандандырылған соттың қарауына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.11.2025
-
Батыс Қазақстан облысында белгісіз дрон құлап, жарылыс болды
Батыс Қазақстан облысы Қызылтал ауылы маңынан тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
21 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі?
21 қазан күні Қазақстанда ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Батыста жаңбыр жауып, солтүстікте үсік жүруі мүмкін. Астана мен Алматыда күн ашық, Шымкентте жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.10.2025
-
БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті УҰИ-ға қамауға алынды
БҚО-да полиция жастар арасындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
06.10.2025