баспана
-
Қарағанды облысында 904 отбасы мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл біз әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен барынша қамтамасыз етуді мақсат еткен болатынбыз. Нәтижесінде биыл 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық, деп жазды Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Жеңісбек Facebook-тегі парақшасында.
18.12.2020
-
Ертіс ауданында 24 пәтерлі үш үй пайдалануға берілді – Павлодар облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы қоныс иелеріне пәтер кілттері Тәуелсіздік күні табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
17.12.2020
-
Ақтөбеде 30 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде үй кезегін ұзақ жыл күткен жандарға қаланың жаңа ауданынан пәтер берілді. Бұл – өңірде әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдау аясында атқарылған шаралардың бірі.
16.12.2020
-
Төлеби ауданында 50-ге жуық отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Төлеби ауданында 46 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Шараға аудан әкімі Б.Омарбеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыларды құттықтап барды.
16.12.2020
-
Көпбалалы отбасылар жаңа үйлерге қоныстанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жаңа үйлерді пайдалануға беру бірқатар жаңа елді мекендерде жалғасын тапты. Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек, Аса, Құмтиын, Бесағаш ауылдарындағы төрт отбасы жаңа үйлерге қоныстанды.
16.12.2020
-
Түркістан облысында көпбалалы отбасылар баспанамен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, мұқтаж ретінде бірінші кезекте тұрған 10 отбасыға баспана кілттері табысталды. Қоныс той иелері аудан әкімі қолынан баспана сертификатын алды.
16.12.2020
-
Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
16.12.2020
-
Солтүстік Қазақстан облысында 40 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында кезекте тұрған 40 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы облыс басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
16.12.2020
-
Мақтааралдық көпбалалы отбасыларға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу бойынша 50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінді.
14.12.2020
-
Ақтөбеде 22 отбасы вагонда тұруға мәжбүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 20-дан астам отбасы темірден құрастырылған шағын вагондарда өмір сүріп жатыр. Жазда ыстық, қыста суық тар бөлмелерді паналағандардың басқа амалы жоқ, деп хабарлайды 24.kz.
08.12.2020
-
Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы тұрғынының үйі өртеніп, төрт бірдей отбасы қақаған аязда далада қалған. Алайда қайырымды жандардың арқасында қиын жағдайда қалған отбасыға көмек көрсетілді.
07.12.2020
-
Елордада жастарға жалға берілетін тұрғын үйге 5463 өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға құжат қабылдау аяқталды. 1-6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорына 5463 өтініш келіп түсті.
07.12.2020
-
Биыл 800-ден астам атыраулық баспаналы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында тозығы жеткен үйлерді мекендеуге мәжбүр болған тұрғындардың 40 пайызы жаңа баспанаға көшті. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
05.12.2020
-
3350 адамға 350 пәтер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының тапсырмасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.
04.12.2020
-
Көпбалалы әке Президенттің тапсырмасы бойынша баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде төрт баланы бір өзі бағып отырған Амангелді Зайдуллаевтың баспана мәселесі Президенттің тапсырмасы бойынша шешімін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
03.12.2020
-
Аягөзде әскерилер баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Оңтүстік» әскери қалашығында жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.
02.12.2020
-
Бір күнде 500-ге жуық отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы мен Шардара ауданының 500-ге жуық отбасы бір күнде баспаналы болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
02.12.2020
-
Елордада әлеуметтік сала қызметкерлері баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді. Атап айтқанда, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері баспана алды.
01.12.2020
-
Түркістанда 40 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Шардара ауданында "Тұңғыш Президент күні" мерекесінің қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.
30.11.2020
-
Қызылордалық 100 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға берді.
30.11.2020