банк
-
Қуантыров Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуі бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, Еуразиялық Даму банкі, ЭЫДҰ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ), Азия даму банкі халықаралық ұйымдары өкілдерімен Көміртегі бейтараптығына көшу жөніндегі жобалық кеңсенің Жұмыс органының онлайн кеңесін өткізді.
18.02.2022
-
ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
25.01.2022
-
Өткен жылы 1,1 тонна алтын құймасы сатылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 1,1 тонна болатын 32 326 алтын құйманы сатты. 2021 жылдың желтоқсан айында жалпы салмағы 107,4 кг 3 274 алтын құйма сатылды.
19.01.2022
-
Импортқа тәуелділік халық пен бизнестің долларлануын шектейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, импорт өсуін жалғастырып, теңгеге қысым көрсетуде.
15.01.2022
-
Елімізде доллармен салымдар көлемі өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, долландыру деңгейі іс жүзінде өзгермеген.
15.01.2022
-
Бұдан былай қазақстандықтардың АҚШ банктерінде қанша қаржысы барын білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
12.01.2022
-
ForteBank Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ForteBank-тің Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының шешімімен Басқарма төрағасы болып Рейнис Рубенис тағайындалады.
12.01.2022
-
Ұлттық банк: Қаржы жүйесін тұрақтандыру кезең-кезеңімен жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Банк жүйесі жұмысын қалпына келтіру әлеуметтік маңыздылығы мен бірінші кезектегі қажеттілікке орай кезең-кезеңімен орындалады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
10.01.2022
-
Антитеррорлық операциялар кезінде қаза тапқандардың кредиттері кешіріледі - Jusan Bank
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Jusan Bank антитеррорлық операциялар мен әлеуметтік тәртіпті қалпына келтіру кезінде қаза тапқан арнайы қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қайғыра көңіл айтады. Қаза тапқан қызметкерлердің біздің банктегі ағымдағы кредиттері толығымен кешіріледі.
10.01.2022
-
Halyk bank қаза болған тәртіп сақшыларының отбасына 5 миллион теңге бөледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Halyk bank қайтыс болған құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетеді.
08.01.2022
-
Halyk Bank қаза тапқан әскерилердің несиесін кешіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Halyk Bank лаңкестікке қарсы операция барысында қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиелерін кешіреді.
08.01.2022
-
Ұлттық банк: Екінші деңгейлі банктер жұмыс істей бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк еліміздегі төтенше жағдай режимінен кейін тұрақтылық орнай бастаған өңірлерде екінші деңгейлі банктер жұмыс істей бастағанын хабарлады.
07.01.2022
-
Ұлттық банк: Kaspi.kz пен Halyk Bank интернетсіз істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий банк пен Халық банктің мобильді қосымшалары интернетсіз істейді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
07.01.2022
-
ТЖ. Уақытынан кешіккен төлемдер үшін айыппұл салынбайды - Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі төтенше жағдайға байланысты банктер дүйсенбіге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы аталған телеарнаға ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді.
07.01.2022
-
Kaspi.kz іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Kaspi.kz мобильді қосымшасы іске қосылды.
07.01.2022
-
Ұлттық банк: Еліміздегі барлық банк жұмысын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел бойынша барлық екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қор биржасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді.
06.01.2022
-
Еліміздегі барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірлесіп мәлімдеді.
05.01.2022
-
Алдағы 2 жылда қандай коллекциялық монеталар шығады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 2 жылда қандай коллекциялық монеталар шығатыны туралы Ұлттық банк банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының бас маманы Айжан Машеева айтып берді.
27.12.2021
-
Сенат екінші деңгейлі банктерге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Сенат отырысында банктер мен берешектер арасындағы қатынастарды реттеуге қатысты заң жобасы қаралды.
23.12.2021
-
Сенатта банктердің стресті активтерінің деңгейін төмендету мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерінің деңгейін төмендету және оларды экономикалық айналымға тарту мәселелерін қарады. Осы мәселелерді талқылау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен банк секторының субъектілері кездесуге шақырылды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
22.12.2021