Балқаш
-
Балқаш көлінінің таяздану қаупі жоқ – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов біздің басылымға берген сұхбатында айтты.
03.07.2021
-
Балқаш маңында күн электр стансасы салынып жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Балқаш қаласының жанындағы Қоңырат елдімекеніне жақын жерде күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 39 миллиард 51 миллион тенге. Күн электр станциясы 140 гектар аумақта орналасатын болады. Қоңырат елдімекенін электр қуатымен қамтитын энергия көзі 2022 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.
31.05.2021
-
Балқашта 200 мың түп гүл отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаштың гүлзарларында гүл көшеттері отырғызыла бастады. Жақын арада қала 200 мың гүлмен безендіріледі.
14.05.2021
-
Балқаш туризмін дамыту үшін бірқатар шара қолға алынған
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел арасында «көгілдір теңіз» аталған Балқаш көлінің суына түсіп, құмына қыздырынғысы келетін саяхатшылардың қатары жыл санап артып келеді. Ресми деректер жыл сайын Балқашқа 80 мыңнан астам турист келетіндігі айтылады. Алдағы жылдары бұл сан бес есеге дейін артпақ.
12.05.2021
-
Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьерден 89 келі балық табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
29.04.2021
-
Балқашта жаңа емхананың құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында Балқаш қаласында жаңа емхананың құрылысы басталды. «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша Злиха Сәбитова атындағы шағын ауданында медициналық мекеме пайда болады.
21.04.2021
-
Балқашта көпбалалы отбасыларға арналған эко үйлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоңырат шағын ауданында 10 энергия үнемдейтін экоүйлер құрылысы үшін жер телімін дайындау басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
20.04.2021
-
Балқаш ауданындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 16 сәуірінде Желтораңғы ауылдық округіндегі дала өрті сөндірілді. Естеріңізге сала кетейік, Желтораңғы ауылынан 25 шақырым жерде шамамен 45 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенген болатын.
16.04.2021
-
Биыл 130 балқаштық баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлер құрылысы жалғасуда. Биыл 18 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. 130 адам тұрғын үй алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш қаласының әкімі Ораз Таурбеков айтты.
16.04.2021
-
Балқаш маңында дала өрті толастамай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші өрт оқиғасы 2021 жылғы 14 сәуірдегі Балқаш ауданының жер қорындағы орын алған дала өрті қатты желдің әсерінен Күрті ОШКММ Тау-Құм орманшылығына ауысқан болатын.
15.04.2021
-
Балқашта жалпы көлемі 18 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Балқаш қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 130 отбасы баспаналы болады. Ол үшін қалада 18 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп.
15.04.2021
-
Алматы облысының Балқаш ауданында өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша, коттедждер мен балық аулау базаларындағы су көлігі өртенген. Бір адамның денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Tengrinews.kz.
15.04.2021
-
Балқаш Арал тағдырын қайталамай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов академик Мәлік Бөрлібаевтың Балқаш көліндегі ықтимал экологиялық апатқа қатысты түсініктеме берді.
07.04.2021
-
Балқашта оңалту орталығы мен инфекциялық стационар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқашта алғашқы оңалту орталығы іске қосылды. Мекеме қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады, деп хабарлайды Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
26.03.2021
-
ҚТЖ-ның Балқаштағы бөлімшесінің бастығы қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ» Балқаш дистанциясының бастығы қамауға алынды.
12.02.2021
-
Қазақстанда ачери-биатлоннан алғашқы жарыс Балқашта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 және 7 ақпанда Балқашта ачери-биатлоннан жарыстар өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
06.02.2021
-
Балқашта тағы 92 отбасы «Нұрлы жер» бойынша баспанаға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Балқаштың 92 отбасы баспаналы болды. Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, жетім балаларға және т.б. пәтер кілті табысталды.
30.12.2020
-
Балқаш-Бұрылбайтал. Келісім жасалды, жол үш жылдан кейін бітуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде «Балқаш-Бұрылбайтал» автожолының екі учаскесін жаңарту бойынша жобаларына жарияланған байқау жеңімпаздары анықталды.
22.12.2020
-
Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
16.12.2020
-
Балқаш маңында жолаушылар автобусы аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Гүлшат кентіне жақын учаскесінде 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
13.12.2020