баға
-
Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді
Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.11.2025
-
Тұрғын үй бағасы қымбаттауда: бағаның өсу себептері қандай?
2025 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 12,6%-ға өсті. Осы жағдайдың аясында жылжымайтын мүлік нарығында да баға қымбаттауы байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.11.2025
-
Қазақстанда 2026 жылы құжат алу қанша болады?
Жаңа 2026 жылда құжат жасау ақысы қалай өзгеретіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2025
-
Алматыда пәтерді қалай тиімді жалға алса болады: алаяқтарға алданбау жолы
Жылжымайтын мүлік саласының мамандары Алматыда арзан пәтер табу әбден мүмкін екенін айтады. Тек іздеу қосымшаларында дұрыс сүзгілерді орната білсеңіз жеткілікті. Қала ішінде 100 мың теңгеге де лайықты пәтер жалға алуға болады. Бірақ неге көңіл бөлу керек және жалған делдалдарға қалай алданып қалмауға болады? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
13.11.2025
-
Қазақстан қайда және қанша көлемде ет экспорттады: ішкі нарық неге қымбаттап барады?
2025 жылы сиыр етінің орташа бағасы 3000 теңгені, ал қой еті 3300 теңгені құрап отыр. Бағаның бұлай өсуіне не әсер етіп отыр, Қазақстан биыл қанша ет экспорттады деген сауалдармен Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы сұраныс жібердік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Қазақстанда баға қашан тұрақталады – сарапшылар пікірі
2025 жылдың қазанында қазақстандықтардың 80,4%-ы азық-түлік бағасының өскенін байқаған, бұл бір ай бұрынғы 79,4%-бен салыстырғанда жоғары, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Алматыда тұрғын үйге сұраныс күрт төмендеді
Алматыда бір айда 7 868 тұрғын үй сату-сатып алу мәмілесі рәсімделді – бұл қыркүйек айымен салыстырғанда бірден 11,2%-ға аз.
12.11.2025
-
Келесі жылы дәрі-дәрмек қымбаттай ма?
Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының көтерілу ықтималдылығына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11.11.2025
-
Қазақстанда баспана қымбаттауы мүмкін – сарапшылар
Жоғары кредит мөлшерлемесі құрылыс компанияларының шығындарын арттырып, бұл жүктемені ақыр соңында сатып алушылар көтеруі мүмкін. Соның салдарынан тұрғын үй бағасы өсуі ықтимал. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
10.11.2025
-
АИ-92 қымбаттауы: Министрліктің "соғысы" түбегейлі шешім бе?
Қазақстанда жанармай бағасы экономиканың жалпы саулығын көрсететін негізгі индикаторлардың бірі саналады. АИ-92 бензині – тұтынушылардың ең кең қолданатын түрі. Соңғы айларда оның қымбаттауына қатысты шағымдар көбейіп, алыпсатарлық тетіктерінің күшейгені байқалды. Осыған байланысты Энергетика министрлігі бағаны негізсіз өсіретіндердің жолын кесуге бағытталған қатаң бақылау мен тексеру тетіктерін іске қосты. Бірақ бұл шара ұзақ мерзімді шешім бе, әлде уақытша ма? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
07.11.2025
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау күшейтілуде
Сауда министрлігі баға өсімін тежеу үшін ерікті келісімдер жасау бастамасын көтерді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.11.2025
-
Министр ет бағасы туралы: Жағдай тұрақтанды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифингте Қазақстандағы ет нарығындағы жағдай бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.11.2025
-
Қазақстанда картоп бағасы қандай болады?
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы картоп бағасына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.11.2025
-
Биржада алтын бағасы өсті
Нью-Йорк Comex биржасында желтоқсандағы алтын фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 33,75 долларға немесе 0,88%-ға өсіп, троя унциясы үшін 4 030,25 долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Прайм" басылымына сілтеме жасай отырып.
04.11.2025
-
Қазанда инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді – Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанда қазан айындағы инфляция 12,6%-ға дейін төмендеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлік бағасы 13,5%-ға, ақылы қызметтер 12,9%-ға, өзге тауарлар 11%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.11.2025
-
Жанармай бағасына қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі іске қосылды
Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.11.2025
-
Пияз бен картоп арзандай ма? – Қазақстанда рекордтық өнім күтіліп отыр
2025 жылы Қазақстанда негізгі көкөніс дақылдарының – пияз бен картоптың – өндірісі айтарлықтай өседі деп болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2025
-
Депутат Қазпоштаның қызметі де күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жакеевтің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2025
-
1 қарашадан бастап судың ақысы жаңа әдістеме бойынша есептеледі
2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
"Алға бір, артқа екі қадам": Сарапшы бензин бағасын тежеу шешімін түсіндірді
Қазақстан үкіметі АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын 2026 жылдың көктеміне дейін көтеруге тыйым салу туралы мораторий енгізді. Бұл шешімнің мақсаты – инфляцияны тежеу және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау. Алайда сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам жанармай тапшылығына, инвестициялық ахуалдың нашарлауына және еліміздің ЕАЭО-ның бірыңғай отын-энергетикалық нарығынан қалып қоюына әкелуі мүмкін. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің эксклюзивті материалында.
28.10.2025