баға
-
Жаңа жыл мәзірінің жұлдызы: Қызыл уылдырық туралы көпшілік біле бермейтін деректер
Жаңа жылдық дастарқан қамына кіріскен қазақстандықтар үшін қызыл уылдырық бұрынғыдан да қымбаттауы мүмкін. Қараша айында өнім бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,4%-ға өсті. Бұл – 2023 жылдың наурызынан бергі ең жоғары жылдық өсім, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
11.12.2025
-
Жаңа жылда баспана бағасы қалай өзгереді?
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 2026 жылдың басында тұрғын үй бағасы күрт 20 пайызға қымбаттайды деген сөз шындыққа жанаспайды.
10.12.2025
-
2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін бірқатар ресми құжатты рәсімдеу қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Мұнай бағасы қысымға ұшырады: Бағаның төмендеуі Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Әлемдік мұнай нарықтары қайтадан құбылмалы кезеңге тап болуы мүмкін. JPMorgan сарапшыларының болжамынша, 2027 жылға қарай Brent бағасы екі еседен астам төмендеп, барреліне 30–40 доллар деңгейіне дейін құлдырауы ықтимал. Экспорттық түсімінің жартысына жуығы мұнайдан түсетін Қазақстан үшін мұндай ауытқулар оңайға соқпайтыны анық. BAQ.KZ тілшісі еліміздің бұрынғы мұнай дағдарыстарын қалай еңсергенін және жаңа болжамның қандай қатерлері барын зерделеп көрді.
10.12.2025
-
Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады
Астанадағы тұрғын үй нарығы бағаның күрт өсуін көрсетіп отыр. Қараша айында елордадағы қайталама нарықтағы пәтерлер қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға қымбаттады — бұл 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары айлық өсім. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
Көлік министрлігі: Барлық билет қайтарылатын болса, авиабилеттер бағасы өседі
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында қайтарылмайтын авиабилеттерді алып тастаған жағдайда билет бағасының қымбаттау қаупі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
БҚО әкімі: Ең арзан ет – біздің өңірде
Батыс Қазақстан облысында сиыр етінің орташа бағасы қанша екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.12.2025
-
Сауда министрлігі Ақтөбедегі тұз бағасына қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ақтөбедегі тұз бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.12.2025
-
Әлемдік инфляция және орталық банктердің қатаң саясаты: экономист талдауы
Азық-түліктің әлемдік бағасы қазір жоғары деңгейде. Бұл туралы экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.12.2025
-
Энергетика министрлігі түсіндірме берді: Баға өспейді, бірақ түзету мүмкіндігі сақталады
Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді бекітуге қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға жауап берді. Ведомство тарифтік саясатты ұзақ мерзімге бекіту -заңмен белгіленген міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.12.2025
-
Бағаны заңсыз көтерген ірі сауда желілері жазаланды
Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.12.2025
-
15-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда ет тапшылығының болуы және бағаның күрт қымбаттау ықтималдылығына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
АИ-92 бағасының өсуі: Министрлік түсініктеме берді
Энергетика министрлігі әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасының өсуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
02.12.2025
-
Жамбыл облысында азық-түлік инфляциясы 109,8%-ға жетті – өңір басшысы
Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 109,8%-ды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
01.12.2025
-
Жәрмеңкеде қызылордалықтар сиыр етін 2500 теңгеден сатып алды
Қызылорда қаласында Қармақшы және Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
30.11.2025
-
Жаңа жыл алдында азық-түлік бағасы қандай болатыны анықталды
Сауда министрлігі мерекелік кезеңде азық-түлік бағасының тұрақты ұстауға басымдық береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2025
-
Петропавлда бағаны рубльмен көрсеткен супермаркет жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта – теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.11.2025
-
Жедел жәрдем бағасының өсуі: Қазақстандықтарды не күтеді?
Қазақстанда жедел жәрдемді шақыру тарифін кешкі және түнгі уақытта төртінші дәрежелі шұғыл шақыруларға көтеру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2025
-
Ұлттық банк инфляция болжамын қайта қарады
Ұлттық банк инфляцияның 2025 және 2026 жылдарға арналған болжамын қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2025
-
Жаңа жыл алдында баға неге өседі? – министрлік түсіндірді
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Үкіметте өткен баспасөз брифингінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағаның неге қымбаттайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
25.11.2025