айыппұл
-
Ақтөбеде карантин талаптарын бұзғандарға 53 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мобильді топтар мен жергілікті полиция қызметкерлері Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдаған қаулының орындалуын бақылады. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, 476 хаттама толтырылып, 53 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
04.09.2020
-
Шымкентте карантин талабын бұзғандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкентте 513 құқық бұзушылық орын алған. Оның ішінде 407 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Құқықбұзушылықтардың 351-ін арнайы құрылған мобильді топ өкілдері анықтаған.
03.09.2020
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әуежайы мен жекелеген әуе компанияларының карантин талаптарын бұзуына қатысты айыппұл салынды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты.
03.09.2020
-
Тас жол бойында көкпар тартқандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның көкпар ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды.
02.09.2020
-
Қарағандыда жүк көліктеріне екі күнде 4 млн теңге айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының жылжымалы көлік инспекциясы екі күнде 29 заңбұзушылықты анықтап, 4 миллион теңгеге айыппұл салған, деп хабарлайды «Хабар 24».
29.08.2020
-
Елорда дәріханаларына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қалалық дәріханаларға жүргізілген мониторинг нәтижелері және медициналық мекемелерге гуманитарлық көмек тарату тақырыбында өткен онлайн брифингте «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов айтты.
26.08.2020
-
Той жасағандарды «тоқылдап» айтып қойғандарға әкім сыйақы беретін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер кезінде той жасағандар мен садақа (ас) бергендерді хабарлағандарға сыйақы төленеді.
26.08.2020
-
Карантиндік өсімдіктерді заңсыз тасымалдағандарға 92 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері АШМ мемлекеттік инспекторлары республиканың фитосанитарлық бақылау бекеттерінде 88 мыңнан астам көлік құралын, оның ішінде 68 мыңға жуық автокөлік, 17 мың вагон, 4 мың әуе және 100-ден астам теңіз бен өзен кемелерін тексерді.
25.08.2020
-
Індет кетеді, қоқыс қалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде коронавирус инфекциясы таралуына байланысты карантин енгізіліп, шекаралар жабылды. Енгізілген карантин экологиялық жағдайды жақсарта түсті. Алайда ауа ластануы тоқтағанымен, қоқыстың жаңа түрі қауіп төндіре бастады. Осы ретте елорда көшелерінде шашылып жатқан маска қоқыстарын суретке түсіріп, репортаж әзірледік.
21.08.2020
-
Маска тағу режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өз күшінде – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маска тағу режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері туралы ҚР Әділет министрлігі түсініктеме берді.
19.08.2020
-
Маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін 30 есе төмендету ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыппұл мөлшері 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.
19.08.2020
-
Қарағандылықтар үйлену тойын дәл полиция бөлімінің жанында жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жергілікті тұрғындар полиция бөліміне таяқ тастам жерде той жасаған. КТК телеарнасының хабарлауынша, музыканы бар даусына қойып, бидің түбін түсіріп жатқандар аяқ астынан «қонаққа келген» полицейлерді де елемеген.
19.08.2020
-
5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 дәмхана. Карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режимінің сақталуына қатысты өткен онлайн брифингте айтты.
18.08.2020
-
Атырау полицейлері бір аптада 1 млн теңгеден астам айыппұл салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аумағында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қорғауға бағытталған бір айлық "Таза Қазақстан" шарасы өтіп жатыр. Шара аясында тек бір аптада полицейлер экологиялық құқық бұзушыларға алты жүзге жуық хаттама бойынша 1 млн 242 680 теңге айыппұл салды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.
18.08.2020
-
Маска тақпағаны үшін 2,7 мың қазақстандыққа айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде маска тақпай, санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға әкімшілік айыппұл салынғанын айтты.
17.08.2020
-
Билік айыппұл салып, халықтың ызасын тудырудан абай болу керек – Сарым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым жеңілдетілген карантин кезінде экономиканы көтеруді ойластыру қажеттігін айтты.
15.08.2020
-
Карантинге қарамастан жұмыс істеген мейрамханаларға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның мониторинг топтары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
10.08.2020
-
Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі осы демалыста жергілікті әкімдік пен ІІМ-мен бірге адамдар демалатын жерлерге рейд жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
10.08.2020
-
"Магистральдық Суағызғысы" мекемесіне 4 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды.
07.08.2020
-
Алматы облысында табиғатты ластаған 761 адамға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатқа деген қамқорлықты халыққа жеткізу мақсатында 24 шілдеден бастап өңірдегі адамдар көп жиналатын жерлерде, су айдындарының жағалау аймақтарында, жағажайларда, демалыс аймақтарында, табиғи парктерде және халықтың басқа да демалыс орындарында рейд өткізілді.
07.08.2020