Астана
-
Нұр-Сұлтанда өзендерді тазалау жұмысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорданың су объектілерінде жыл сайынғы су бетін санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша және су айдындарының акваториясы мен жағалау аумағын өсімдіктерден тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
25.05.2022
-
Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дезинсекциялық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Масалар мен шіркейлердің санын азайту мақсатында ашық аумақтар – саябақтар, скверлер, тұрғын үй алаптары өңделеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
25.05.2022
-
Елордалық ұстаздарға конституциялық реформаның маңызы түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ұлттық өнер университетінде «Референдум – демократияның жоғары көрінісі» атты семинар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Биыл елорданың 92 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
24.05.2022
-
Елордада "ECOJER" екінші халықаралық конгресі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2 маусымда "ECOJER" екінші жыл сайынғы халықаралық конгресі өтеді. Диалог алаңы әлемге әйгілі тәжірибелі сарапшыларды, экоактивистерді, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың басшыларын және сала кәсіпқойларын жинайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Елордада Балаларды қорғау күнін қалай атап өту жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Елордада осы күнге орай көптеген түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн брифинг кезінде айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн брифингте қалада балалар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
24.05.2022
-
Елордада күй жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында «Күй жәрмеңкесі» өтті. Биыл алғаш өтіп оытрған іс-шараға оқушылар, студенттер мен қоғам және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
23.05.2022
-
Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
22.05.2022
-
Елордада есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа орналасуда, деп хабарлайды Polisia.kz.
21.05.2022
-
«Жаңа Қазақстан» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
20.05.2022
-
Жеңілдетілген автонесие. Алғашқы автокөліктің кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада жеңілдетілген автонесие бойынша жаңа көліктің кілті бағдарламаның бірінші қатысушысына тапсырылды.
20.05.2022
-
Елорданың әйелдер қауымы референдум өткізудің маңыздылығын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық "Бақытты Отбасы" орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізудің маңыздылығы мен дайындығын талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
20.05.2022
-
Елордада көктемгі экологиялық айлықтың қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аумақты тазалау және ағаш отырғызу бойынша "Birge – taza Qazaqstan" көктемгі экологиялық айлығы аяқталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
19.05.2022
-
Әскери авиация бөлімі 30 жылдығын атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының мәдени орталығында 3656 әскери бөлімінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті,деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
19.05.2022
-
Жыл басынан бері «Сергекке» 57 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камераларында 57 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
18.05.2022
-
Нан қалдықтарынан жасалатын мал азығы өндірісі жолға қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада маңызды әлеуметтік жоба іске асырылуда. Мәселе нан қалдықтарын қайта өңдеу және олардан мал азығын дайындау туралы болып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
18.05.2022
-
Астанада Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің кавалері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына және оны еске алуға арналған «Атамекен» музыкалық кеші өтті.
17.05.2022
-
Елорданың жасыл белдеуіне 450 мыңнан астам көшет егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қаланың жасыл белдеуі тағы 451 518 көшетпен көгалдандырылады. Олардың арасында қайың, қарағай, үйеңкі, қарақат және алма ағаштары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
16.05.2022
-
Референдум-2022: Елорда тұрғындары дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
16.05.2022