Астана
-
Астанада қар күреуге 1 200-ден астам арнайы техника шығарылды
Елорданың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінен бастап тәулік бойы ауысыммен жұмыс жүргізіп келеді. Қар мен мұзды тазалау тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
16.12.2025
-
Астанада автобус бағанға соғылды
Астанада автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Астанадағы қолайсыз ауа райы: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр ма?
Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025
-
7:30-да басталатын жұмыс Астанада кептелісті азайта алды ма?
Астанада мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін өзгерту көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетіп, негізгі магистральдардағы қозғалысты жеңілдетті. Пилоттық жоба нәтижесінде таңертеңгі қарбалас уақытында бірқатар көшеде көлік ағыны азайып, ең көп жүретін бағыттар бойынша орташа жүру уақыты қысқарған.
15.12.2025
-
Астанада көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты
Астанада тұрғын үйдің сыртын жөндеу жұмыстары кезінде көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Астанадағы тозығы жеткен үйлер қалай жаңартылады?
Бүгінде тұрғын үй кешендерін бұзу туралы сот шешімдері орындалмай, тұрғындар нүктелік және тығыз құрылыс салдарының зардаптарын әлі де тартып келеді. Бұл мәселені бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек көтерген болатын. Ол рұқсат беру құжаттарынсыз салынған үйлерге, нысаналы мақсатына сай емес жерлерде орналасқан объектілерге, сондай-ақ инженерлік желілерсіз немесе қажетті келісімдерсіз құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан аумақтарға назар аударды. Осындай тәуекелдерді мемлекет қалай жоюды жоспарлап отырғанын түсіну үшін BAQ.KZ тілшісі тиісті министрліктен түсініктеме сұратты.
15.12.2025
-
Бүгін бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астана қаласында бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
15.12.2025
-
Астанада "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр
Елордадағы "Ұлы дала қолөнершілер керуен көші" республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
13.12.2025
-
Астанада қар күреуге 400-ден аса жұмысшы мен мыңға жуық техника жұмылдырылды
Астанада коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген әрі тоқтаусыз режимде жұмыс істеп жатыр. Қар күреу жұмысына күнделікті мыңдаған маман мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
13.12.2025
-
Астанадан бір тәулікте 20 мың текше метр қар шығарылды
Астанада қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
"Астана, саған не болды?": Қала тұрғындары кешегі кептеліске шағымданды
Елорда тұрғындары әлеуметтік желіде Астанада қар жауғаннан бастап кептеліс көбейгенін жазып жүрген еді. Алайда кеше Threads желісінде "Астана, не болып жатыр, не деген пробка мынау?" деген сынды жазбалар көптеп жазылды. Қаланың сол жағалауында күндегіден ерекше кептеліс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
"Таза Қазақстан": астаналық оқушылар 7 мың қақпақтан ел картасын жасады
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің оқушылары пластик бөтелке қақпақтарынан Қазақстанның бірегей экокартасын құрастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.12.2025
-
Ата-аналарға жасөспірімдердегі есірткіге бейімделудің ерте белгілерін анықтау түсіндірілді
Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Тандыр нан пісірілетін орында төрт адам зардап шекті
Астана қаласы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.12.2025
-
Елордада кезекті "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі өтеді
Астанада 13-14 желтоқсан күндері дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарынан келген фермерлер қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
11.12.2025
-
Бүгін Астанадан 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, күн сайын елордадан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
10.12.2025
-
Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды
Астанада коммуналдық саланы енді жасанды интеллектіге негізделген жүйелер басқарады. «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмыс процесіне бір емес, бірнеше цифрландырылған жүйелерді енгізіп, қала тазалығын мақсатты түрде қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Адам құқықтары күні: Қазақстан түрме жүйесін қайта қарайды
10 желтоқсанда әлемде Адам құқықтары күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған күніне орай белгіленген.
10.12.2025
-
Ертең елордада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.12.2025
-
«JastarX-2025»: Астанада жастардың медиасауаттылығы талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Ақпарат тасқынындағы жас ұрпақ: құндылық, таңдау және жауапкершілік» тақырыбындағы диалог алаңы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.12.2025